Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорған дәріханаларында вирусқа қарсы дәрілер екі есе қымбат бағада сатылған

Опубликовано:

Талдықорған дәріханаларында вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер екі есе қымбат бағада сатылғаны анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Талдықорған дәріханаларында вирусқа қарсы дәрілер екі есе қымбат бағада сатылған
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Тексеру барысында бірнеше дерек расталып, нәтижесінде негізсіз баға өсірген дәріханалар тиісті жауапкершілікке тартылды.

"Естеріңізге салып өтейін, қалада жұмыс істейтін барлық дәріханалар тексеруден өтеді. Атап айтқанда, соңғы шара кезінде дәріханалардың біріндегі фармацевттің “Ингавирин-90” вирусқа қарсы дәріні тиісті құжатсыз және бағасынан екі есе артық бағаға сатқаны анықталды.
Сонымен қатар, бүгінгі күні жоғары сұранысқа ие дәрі-дәрмектерді тұрғындарға жоғары бағада саудалаған бірнеше дәріхана әшкереленді. Бұл жеке-дара деректер емес екеніне сенімім мол. Біздің басты міндетіміз – азаматтарға медициналық қызмет көрсететін адамдар мен ұйымдар тарапынан заңсыз іс-әрекеттерді болдырмау, олардың жолын кесу.
Өкінішке қарай, тәжірибе көрсеткендей, мұндай ұйымдар, фирмалар мен жеке тұлғалар арасында қазіргі қиын жағдайды пайдалана отырып, қалта толтыруды немесе бизнес жасап қалуды ойлайтын адамгершілігі төмен жандар кездеседі", - деп атап өтті Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы Асқар Нұрсапа.

Айта кетейік, күні кеше Алматы облысы аудандарының біріндегі ауруханада жансақтау бөлімінің меңгерушісі халыққа тапшы дәріні сатқаны үшін ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864447-taldykorgan-drihanalarynda-viruska-karsy-driler-eki-ese-kymbat-bagada-satylgan/

pixel