Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Елеусіз ем қабылауда": Шахановтың орынбасары Тоқаевтан көмек сұрады

Опубликовано:

Белгілі ақын, "Жалын" журналының бас редакторы Мұхтар Шахановтың орынбасары Құдияр Біләл Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды. Ол басшысының бір аптадан бері ауырып жатқанын, медицина қызметкерлері тарапынан ерекше жағдай жасалмай отырғанын айтып шағымданған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Sputnik / Абзал Калиев
Фото: Sputnik / Абзал Калиев: Instagram

Құдияр Біләл хатын Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жария етті.

"Қадірлі Қасым-Жомарт Кемелұлы, әлеуметтік желі бетінде хабарланғандай, қазақтың біртуар дара перзенті Мұхтар Шаханов өзіңіз алаңдаушылық танытып отырған өкпе қабынуы ауруына шалдығып, Алматы қаласындағы "Қалқаман" (№7 қалалық клиникалық аурухана – ред.) ауруханасында ем қабылдап жатыр.

Ауырғанына бір аптадана асты. Емдеу шаралары әлі күнге дейін оң нәтиже бере қойған жоқ. Аурухана әкімшілігі Мұхтар Шахановты ауруға шалдыққан көп адамның бірі ретінде ғана қабылдауда.

Ал Мұхтар Шаханов, өзіңіз білетіндей, КСРО кезінен бастап тәуелсіздік алуымыз үшін қызмет еткен санаулы тұлғаның бірі. Рас, жоғары билік шешімдерінің бәріне бірдей бас шұлғи бермейді. Бірақ Сіздің ұлттық мәселелерге қатысты шешімдеріңізді жоғары бағалайды. Өзіңіз Президенттікке сайлауға түскен кезіңізде де Сізге ашық түрде қолдау білдіріп, ұлт зиялыларын Сіздің төңірегіңізде жиналуға шақырған болатын. Мұхтар Шаханов сол ниетінен бір сәтке де айныған жоқ.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, қазақ халқы ерекше құрметтейтін Мұхтар Шахановтың ауруханада бір аптадан бері елеусіз ем қабылап жатуы көпшілікке әртүрлі ой салуда.

  • Оларда: "Мемлекет қазақ ұлтының мәртебесін, рухани құндылықтарын асқақтату тұрғысында бар өмірін сарп еткен Мұхтар Шаханов сияқты ұлттық тұлғалар денсаулығына неге назар аудармайды?", - деген алаңдаушылық бар.
Мұндай халық алаңдаушылығын өз мүдделеріне пайдаланғысы келіп жүрген күштер де аз емес. Соған орай Сізден Мұхтар Шахановтың денсаулығына мемлекеттік тұрғыда назар аударуыңызды сұраймыз", - деді "Жалын" журналы бас редакторының орынбасары.

Еске сала кетсек, осыған дейін белгілі ақын Мұхтар Шаханов екі өкпесі қабынып, ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.

Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында дүниеге келген. Шаханов 2004 жылдан бері "Жалын" журналында бас редактор қызметін атқарып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864339-eleusiz-em-kabylauda-sahanovty-orynbasary-tokaevtan-kmek-srady/

pixel