Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қойдың майы коронавирусты емдеуге көмектесе ме

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде қазақстандықтар коронавирустан емделу кезінде бір-біріне қойдың майы мен иттің майын қолдануды ұсынып жатыр. Мұндай тәсілдің қаншалықты тиімсіз әрі қауіпті екенін Ресейдің денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гриднев айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: nrb2.ru
Көрнекі фото: nrb2.ru: Depositphotos

Ресейлік виц-министрдің сөзінше, майды ас ретінде қолдануға болады. Бірақ ол еш нәрсені емдемейді.

"Ал коронавирус кезінде тіпті зиян келтіруі мүмкін, себебі ол холестеринді көтеріп, қанның басқа компоненттерін арттырады. Майлы тағамдар қанның қоюлануына әсер етеді", - дейді Олег Гриднев.

Сонымен қатар, ол коронавирус инфекциясы бар науқастарға қанды сұйылтуға арналған дәрілер (антикоагулянттар) тағайындалатынын еске салды.

Бұған дейін Ресейдегі Киров атындағы әскери-медициналық академияның мамандары коронавирус кезінде асқазан-ішек жолдары ауруы кезіндегідей диета сақтауды ұсынған еді.

Коронавирус жұқтырған науқастарға сүт, бидай өнімдерін, ащы тағамдар мен тәттілер, майлы, тұздалған, сүрленген тағам, ұн өнімдері мен консервілерді пайдалануды азайту керек.

Керісінше науқастарға ботқа, сүзбе, көкөніс, майы аз тауық еті, балық секілді жеңіл тағамдар, кешеден қалған нанды жеу керек.

Айта кетейік, бұған дейін коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан азаматтарына симптомдары арқылы коронавирус пен аллергияны, тұмау мен суық тиюді ажырататын нұсқаулық ұсынған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864158-kojdy-majy-koronavirusty-emdeuge-kmektese-me/

pixel