Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вьетнамда алтынмен қапталған қонақ үйге әлем жұртшылығы таңдай қағуда

Опубликовано:

Вьетнамдағы Ханой қаласында іші және сырты алтынмен қапталған әлемдегі алғашқы 5 жұлдызды қонақ үй өз есігін айқара ашты. 25 қабатты Dolce Hanoi Golden Lake ғимаратының құрылысына он жыл уақыт кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ге сілтеме жасап.

Алтынмен қапталған қонақүй әлем жұртшылығын таңғалдырды
Фото: bigpicture.ru: UGC

25 қабатты қонақ үйі Ханойдың орталығында кішігірім көлдің жағасында орналасқан. Ғимараттың сыртындағы керамикалық тақтайшалар алтынмен қапталған, ішкі бөліктері алтынмен безендірілген, атап айтқанда кіреберіс, жиһаздар, жуынатын бөлмелері түгел алтын жалатылған.

Алтынмен қапталған қонақүй әлем жұртшылығын таңғалдырды
Фото: bigpicture.ru: UGC

Әлемдегі алтынмен қапталған алғашқы қонақ үй атағынан дәмелі 5 жұлдызды қонақ үй 10 жылдан бері салынып келеді. Онда 342 бөлме бар, олардың бір бөлігі алтын жалатылған жиһаз, жуынатын бөлме, дәретханамен жабдықталған. Қонақ үй америкалық Wyndham Hotels брендімен жұмыс істейді.

Жаңадан ашылған люкс қонақүйдегі алтын ванна.

Алтынмен қапталған қонақүй әлем жұртшылығын таңғалдырды
Фото: bigpicture.ru: UGC

Бес жұлдызды қонақүйдегі дәретханалар да алтынмен қапталған.

Алтынмен қапталған қонақүй әлем жұртшылығын таңғалдырды
Фото: bigpicture.ru: UGC

Қонақ үйде тұрақтаған әрбір адам алтыннан жасалған сәнді бассейнге түсе алады.

Алтынмен қапталған қонақүй әлем жұртшылығын таңғалдырды
Фото: bigpicture.ru: UGC

Алтынмен безендірілген қонақ үйдегі бір түннің ақысы 310 доллардан басталады.

Алтынмен қапталған қонақүй әлем жұртшылығын таңғалдырды
Фото: bigpicture.ru: UGC

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 25 қабатты Dolce Hanoi Golden Lake қонақ үйінің ашылуы туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1864139-altynmen-kaptalgan-konak-j-lem-zrtsylygyn-tagaldyrdy/

pixel