Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін 20:30-дa Тоқаев республикалық телеарна арқылы халыққа үндеу жасайды

Опубликовано:

Бүгін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жасайды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бүгін 20:30-дa Тоқаев республикалық телеарна арқылы халыққа үндеу жасайды
Фото: Ақорда: Depositphotos

Бұл туралы президенттік баспасөз хатшысы Facebook-тегі ресми парақшасында жазған болатын.

Айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі коронавирус індетімен күресу жолындағы кедергілер мен халықты мазалаған қиындықтар туралы сөз етеді.

"Бүгін сағат 20:30-дa Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты телевизиялық үндеу жасайды. Президент пандемияға қарсы күрес барысында барша қазақстандықтарды мазалаған проблемалар туралы айтуды жоспарлап отыр",– деп жазды Берік Уәли.

Еске сала кетсек, бұған дейін де мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдаған болатын. Президент халықты дүрбелеңге салынбауға шақырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864008-bgin-2030-da-tokaev-respublikalyk-telearna-arkyly-halykka-ndeu-zasajdy/

pixel