Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы көшеде мыңдаған адам түнеп жатыр

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде Қазақстан мен Өзбекстан шекарасынан фотосуреттер пайда бола бастады. Суреттерде азаматтардың толық антисанитариялық жағдайда бола тұра, көшеде ұйықтап жатқанын көруге болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мыңдаған шетелдіктер түнімен Қазақстанның Өзбекстанмен шекарасындағы көшеде түнейді
Көшеде түнеген шетел азаматтары. Фото: instagram.com/kris_p_kz: Instagram

Сурет kris_p_kz Instagram парақшасында пайда болды.

Жазба сипаттамасында адамдардың мұндай жағдайға тап болғандарына бес күн уақыт өткені айтылған. Шетелдік азаматтар еліне орала алмай жатқан көрінеді, сондықтан олар қоқыс айналасындағы тақыр жерде ұйықтауға мәжбүр екен.

Шекарадағы жағдайлар соншалықты қолайсыз болғанымен, адамдар қоршауларды бұзып, жаппай қақтығыстар ұйымдастырып, басқа адамдардың заттарын бүлдіріп жатыр екен. Сонымен қатар, қару асынған арнайы жасақ қызметкерлері оқиға орнындағы тәртіпті бақылап отыр.

Хабарламада айтылғандай, күн сайын шекара аздаған уақытқа ашылады. Осы сәтте кейбір адамдар шекарадан өту үшін көпшіліктің арасынан суырылып шығуға таласады.

Шетелдіктер тамақ пен суды жақын дүкеннен үш есе қымбат бағамен сатып алады, сонымен қатар дәретхананы пайдалану үшін ақы төлеу керек. Жазба авторлары карантин талаптарының бірі әлеуметтік қашықтықты сақтау мүлде қадағаланбайтынын және орындалмайтынын жазған.

Бұл жағдайға байланысты Түркістан облысының депутаты Сәкен Қалқаманов түсініктеме берді деп жазады Sputnik Қазақстан. Оның айтуынша, бұл жазбада 3 мың шетелдік туралы айтылған, олардың көпшілігі өзбек азаматтары. Шенеуніктің сөзінше, Өзбекстан елі өз шекараларын жауып тастағандықтан, көше паналағандар үйлеріне бара алмай жатқан көрінеді.

Қалқамановтың айтуынша, өткен аптада Өзбекстанға 200-300 адам жіберілген.

Сөзінше, Сарыағаш ауданының әкімдігі қалған адамдарға бір реттік тамақ ұсынады. Еріктілер, демеушілер және басқа қамқор азаматтар су жеткізу ісіндекөмек көрсетуде. Күнделікті тазарту қызметі бар.

Ресейдегі Өзбекстан елшілігінің хабарлауынша, Өзбекстан, Қазақстан және Ресейде карантиндік шаралар әлі де күшінде. Елшіліктің хабарламасын Өзбекстан СІМ-нің Telegram арнасы жеткізді.

Ведомствоның хабарлауынша, кейбір адамдар шекараны ашу туралы жалған ақпаратқа сеніп, отанына Қазақстан шекарасы арқылы оралуға шешім қабылдаған.

Ведомстводағылар азаматтардан карантин шараларын қатаң сақтауды және қазіргі тұрғылықты жерінен шықпауды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863979-kazakstan-men-zbekstan-sekarasyndagy-ksede-mydagan-adam-tnep-zatyr/

pixel