Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылықтар соңғы 125 жылда ең ыстық күнді бастан кешірді

Опубликовано:

Алматыда температура рекорды орнатылды. Қала тұрғындары мегаполисте соңғы рет 1895 жылы байқалған ерекше ыстықты бастан кешірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Алматылықтар соңғы 125 жылда ең ыстық күнді бастан кешірді
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Синоптиктердің хабарлауынша, жылдың алғашқы жартысында оңтүстік астанадағы ең ыстық күн 2020 жылдың 4 маусымы болған. Бұл күні сынап бағанасы 34,5 градусқа дейін көтерілген.

Бұл температура, Қазгидрометтің мәліметінше, мегаполисте 125 жыл бұрын байқалған ең жоғарғы деңгейден асып түскен.

"Бұл күні күн ауаны 34,5 градусқа дейін қыздырып, 1895 жылы байқалған күннің абсолютті максималды деңгейінен асып, тұрғындарды қуантты. Бұған дейінгі рекордтық ауа температурасы 32,5 градус болған", – делінген хабарламада.

26 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында да аптап ыстық байқалған. Сол күні ауа температурасы 36,1 градусқа дейін көтерілген. Синоптиктердің болжамынша, бұл – 19 жыл бұрын, яғни 2001 жылдың дәл осы күні тіркелген абсолюттік ең жоғары деңгей.

Қазгидромет жаздың алғашқы айы жауын-шашынды болғанын айтады. Бұл көбінесе Қазақстан астанасындағы ауа райына әсер еткен. Маусым айында Нұр-Сұлтанға үш айлық қар мен жаңбыр мөлшері жауған, бұл – 98 мм.

27 маусымда елордада жауын-шашынның ең көп мөлшері түскен. Алматыдағы ең көп жауын-шашын түскен күн – 2020 жылдың 15 сәуірі болған. Бұл күні мегаполисте тәулік ішінде 39 мм жауын жауған.

Еске сала кетсек, 27 маусым күні жауған нөсер жауын Нұр-Сұлтан тұрғындарын әбігерге салған еді. Қала көшелері жаңбыр суына толып, елорда тағы да "Венецияға" айналған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863975-almatylyktar-sogy-125-zylda-e-ystyk-kndi-bastan-kesirdi/

pixel