Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент әкімі "тікұшақпен вирус шашу" хабарламасына қатысты жауап берді

Опубликовано:

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тікұшақ көмегімен қалаға ауа арқылы вирус шашып жатыр деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Шаһар басшысы халықты дүрліктірген жаңалықты толығымен жоққа шығарды деп жазады KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Тікұшақ. Фото: pixabay.com
Тікұшақ. Фото: pixabay.com: UGC

Қазақстандағы үшінші мегаполистің әкімі аталмыш хабарламалардың жалған екенін мәлімдеп, отандастарын мұндай ақпараттарға сенбеуге шақырды.

Әйтеновтың айтуынша, қала үстінен ұшқан тікұшақтар қорғаныс министрлігіне тиесілі және олар алдын ала жоспарланып қойған оқу-жаттығу аясында қолданылған.

Шымкент басшысы азаматтардың асқан аңқаулығына қатты таңғалғанын жасырмады. Ол мұндай әңгімелерге қалай сенуге болатынын түсінбей отыр.

Әкім вирусты ауамен шашу мүмкін емес екенін алға тартты. Мұрат Әйтенов қала тұрғындарына бос уайымға салынбай, ғаламторда айтылып жатқан ақпараттың барлығына сене беруге болмайтынын түсіндірді. Қала басшысы тек ресми ақпараттарға ғана сүйенуге шақырды.

Қазақстанның қорғаныс министрлігі де бұған дейін тікұшақтарға қатысы бар сыбыстар жайында пікір білдірген болатын. Олар қазақстандықтарды шошытқан сұйықтықтың шын мәнінде жай су екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863960-symkent-kimi-tiksakpen-virus-sasu-habarlamasyna-katysty-zauap-berdi/

pixel