Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әбдіғаппар Сманов басшылық еткен колледжге жаңа директер тағайындалды

Опубликовано:

Дінтанушы ұстаз Әбдіғаппар Сманов басшылық еткен "Сарыағаш" медресе-колледжіне жаңа директор тағайындалды. Енді бұл жауапты қызметке Дінмұхаммед Сманов басшылық жасайды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Желіден алынды
Фото: Желіден алынды: Instagram

Дінмұхаммед Абдужаппарұлы Сманов 1985 жылы 19 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Ынтымақ ауылында дүниеге келген. Отбасылы, 3 қыз, 2 ұлы бар.

  • Ол 1991-2002 жылдары Ынтымақ ауылындағы Майлықожа атындағы орта мектепте білім алған;
  • 2003-2005 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Сұлтанқорған мешітінің Құран Кәрім курсын тәмамдаған;
  • 2007-2009 жылдары Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Араб тілі институтында білім алған;
  • 2009-2013 жылдары Сауд Арабиясы Корольдігіндегі "Ислам" университетінің Шариғат факультетін үздік дәрежемен аяқтаған;
  • 2015-2017 жылдары Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің Дінтану мамандығы бойынша магистр дәрежесін қорғаған.
  • 2015-2017 жылдары "Науан хазрет" атындағы Көкшетау Орталық мешітінің наиб имамы қызметін атқарған;
  • 2015 жылдан бері Ақпараттық-насихат тобының мүшесі;
  • 2017 жылдың наурыз айынан бастап "Әзірет Сұлтан" мешітінің ұстазы;
  • 2020 жылдың қаңтар айынан бастап "Әзірет Сұлтан" мешітінің наиб имамдық қызметін атқарды.
  • Астана қалалық "Жергілікті түсіндіру тобының" (ЖТТ) мүшесі.
  • 2019 жылдан бастап ҚМДБ-ның жанынан құрылған Республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі.
  • 2019 жылдан бастап ҚР АҚД Дін істер комитетінің жанынан құрылған өңірлік дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мүшесі.

Еске сала кетсек, осыған дейін Сарыағаш медресе колледжінің директоры, ұстаз Әбдіғаппар Смановтың өмірден өткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863871-bdigappar-smanov-bassylyk-etken-kolledzge-zaa-direkter-tagajyndaldy/

pixel