Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешкім емеспіз": Желіні шулатқан Сейфуллин Жолбарыс не жағдай болғанын айтып берді

Опубликовано:

Қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасы бар әнші, сазгер Сейфуллин Жолбарыс әлеуметтік желіде кеңінен таралған видеоға қатысты түсініктеме берді. Өнер иесі шулы оқиғаның қашан орын алғанын және осы жағдайға байланысты не ойлайтынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: Сейфуллин Жолбарыстың әлеуметтік желідегі жеке парақшасы
Фото: Сейфуллин Жолбарыстың әлеуметтік желідегі жеке парақшасы: Instagram
"Бұл оқиға жақында болды. Карантиннің де әсері болған шығар деп ойлаймын. Мен сөзге келіп жатқан уақытта сол жердегі бір кісі түсіріп алып, әлеуметтік желіге салып жіберіпті. Сол арқылы тарап кеткен. Ол видеоны көрмеген адам қалмаған шығар", - деді белгілі әнші күліп.

Сейфуллин Жолбарыс видеоны желіге салған адам оқиғаның қалай басталғанын жарияламағанын жеткізді.

"Алдымен мен ренжіп қалдым. Ол жерін роликтен алып тастапты. Жүйкем тозғаннан кейін ғана айқайға көштім, - деді өнер иесі.

Алайда екі жақ жанжалға не себеп болғанын айтпауға өзара келіскен.

"Көп адам хабарласып жатыр. Оның ішінде өнердегі аға-апаларым да бар. Барлығы түсініп, өмірде бұндай жағдайлар болып тұратынын айтты. Мен де түсініп тұрмын. Бір нәрсені бүлдірдім деп айта алмаймын. Адамды ренжіткенімді, заңды бұзғанымды білемін және оған заң жүзінде жауап беріп жатырмын", - деді эстрада әншісі.

Сейфуллин Жолбарыстың сөзінше, іс сотқа жіберілген. Алайда шешім әлі шықпапты. 

"Іс сотқа барды. Сот өз шешімін айтады, әкімшілік айыппұл салуы да мүмкін. Себебі ұрып-соққан жоқпын, жай ғана сөз. Біздің заманымызда сөз үшін бір-бірімізді кешірдік деп қоя салатын едік, қазіргі кезде осындай болып кетті. Сондықтан байқап жүріңіздер", - деді әртіс.

Сондай-ақ, өнер иесі өзімен сөзге келіп қалған екінші тараптың өте қарапайым адамдар екенін жасырмады.

"Сот шешімі шыққан жоқ. Сол себепті ештеңе айта алмаймын. Дүкенші өзіміз сияқты қарапайым азамат. Мен де қарапайым әншімін, шын мәнінде біз де ешкім емеспіз. Болмайтын нәрсе үшін сөзге келіп қалдық", - деп сөзін қорытындылады сазгер.

Еске сала кетсек, осыған дейін желіде белгілі әнші Сейфуллин Жолбарыстың азық-түлік дүкенінде жанжалдасып жатқан видеосы тарағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1863859-eskim-emespiz-zelini-sulatkan-sejfullin-zolbarys-ne-zagdaj-bolganyn-ajtyp-berdi/

pixel