Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Медқызметкерлерді қолдауға арналған": Елорда әкімдігі отшашуға қатысты сынға жауап берді

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет басқармасы елордада күніне арналған отшашуға қатысты сынға пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Медқызметкерлерді қолдауға арналған": Елорда әкімдігі отшашуға қатысты жауап берді
Көрнекі фото: astana.gov.kz: Depositphotos
"Астана күніне отшашу жыл басында жоспарланған болатын, демеушілер материалдар сатып алып, орындарды анықтады. Бұл фейерверк қала тұрғындарының көңіл-күйін көтеруге, коронавируспен күресте алдыңғы қатарда тұрған медицина қызметкерлерін қолдауға арналған", - деп атап өтті Мәдениет басқармасы.

Айта кетейік, осыған дейін эпидемиологиялық ахуалға байланысты Елорда күніне жоспарланған барлық іс-шаралар тоқтатылған еді.

Бұл туралы қалалық мәдениет басқармасы хабарлаған болатын.

"Іс-шаралардың көпшілігі әлеуметтік сипатта болады – ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған реабилитациялық орталық, жұмыссыз әйелдерге ШОБ негіздерін үйрететін "Кәсіпкер ана" әлеуметтік орталығы, Жағалау ауданында жедел жәрдем стансасы мен "Доктор у дома" медицина орталығы және басқа да әлеуметтік нысандардың ашылуы болады.
Шараларға қатысатын адамдар саны шектелген. Сонымен қатар, үй кезегіндегілер мен үлескерлерге пәтер кілттері тапсырылады. Қатысушылар саны шектеулі және санитарлық нормалар қатаң сақталады. Атап айтқанда, азаматтар маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтауы керек", - деген еді басқармада.

Алайда, күні кеше Нұр-Сұлтан қаласында Елорда күні отшашулармен аяқталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863771-medkyzmetkerlerdi-koldauga-arnalgan-elorda-kimdigi-otsasuga-katysty-zauap-berdi/

pixel