Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отбасымызбен ауырып, жазылдық": Роза Әлқожа сырқаты туралы айтты

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Роза Әлқожа отбасымен бірге қатты ауырып, енді ғана жазылғандарын айтты. Жұлдызды жанұя тұмаудың күрделі түріне тап болып, одан әрең дегенде емделіп шыққанын жеткізді. Өнер иесінің ыстығы көтеріліп, дәм мен иіс сезбей қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/roza_alqozha.
Фото: Instagram/roza_alqozha.: Twitter

Роза Әлқожа отбасымен бірге ауырып шыққанын Instagram парақшасында хабарлады. Әнші қандай ем қабылдағанын және сырқатының ерекше белгілері туралы баяндады.

"Қайырлы түн! Отбасымызбен ауырып, жазылдық. Әдеттегі тұмаудан мына тұмау бөлектеу. Терлеп алып, қайта тұрып кете беруші ек.

Мына "китайский тұмау" қиын екен деп қалжыңдап қоямыз. Шынында адамды мең-зең етіп қояды екен. Әлсіздіктен терлей береді екенсің. Бір уақыт ой түбіне бойлап кете беретінімді өзімнен байқадым. Кей сұрақтарға дұрыс жауап бермей қалғаным тағы бар.

  • Басында 37-38 градус температура болды. Үшінші, төртінші күні дәм, иіс сезуден қалдық. Содан ингаляция, дәрі-дәрмек, монша бәрін қолдана бердік. Экпресс тест толық нәтиже көрсетпейді деген.

Бірақ, жазылғаныма қарағанда тәубе, бәленің беті аулақ. Ең жаманы - қорқыныш. "Өкпем сау ма?!" деген уайымнан-ақ адам көңілсіз қалыпқа түсе береді екен.

Халықтық емді қолданғаннан басқа шара да жоқ. Баршаңызға денсаулық пен ғұмыр тіледім! Бәрін бәріміз бірге жеңіп шығамыз. Бастысы- сенім. Аз уақыт оқшауланып, отбасымызды ойлай тұрайық. Алла баршамызға пана болсын" , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1863717-otbasymyzben-auyryp-zazyldyk-roza-lkoza-syrkaty-turaly-ajtty/

pixel