Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зенит" клубы футболдан Ресейдің чемпионы атанды

Опубликовано:

Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан қаралымда болған санкт-петербургктік "Зенит" футболдан Ресей чемпионатының 2019/20 жылғы маусымын жеңіп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: "Зенит" футбол клубының ресми сайты
Фото: "Зенит" футбол клубының ресми сайты: Instagram

Бұл туралы "Зенит" футбол клубы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Тарихта жетінші рет, екінші жыл қатарынан біз чемпион атандық", - делінген хабарламада.

Ресей чемпионатының 26-турында санкт-петербургктік клуб сырт алаңда "Краснодармен" кездесіп, 4:2 есебімен қарсыласынан басым түсті. Матчтағы голдарды Сердар Азмун (2), Артем Дзюба (пенальти) және Алексей Сутормин соқты. Соның нәтижесінде "Зенит" турнирдің аяқталуына төрт тур қалғанда мерзімінен бұрын жеңімпаз атанған.

Енді Сергей Семактың шәкірттері келесі маусымда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін футболдан Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының қалған матчтарының өтетін орны мен жаңа форматы белгілі болғанын жазған едік.

Басылым мәліметінше, жарыстың қалған матчтары Лиссабонда "Сегіздік финалы" форматында өтеді.

Сонымен қатар, Еуропа лигасының ойындары да аталған үлгіде Германияда жалғасын таппақ. Еуропа суперкубогі сарапқа салынатын дүбірлі доданы Будапештте өткізу жоспарланған.

Ал әйледер арасынлағы Чемпиондар лигасы Испанияда өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1863570-zenit-kluby-futboldan-resejdi-cempiony-atandy/

pixel