Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұят қой енді": Атақты айтыскер той, туған күн жасап жатқан азаматтарды сынап тастады

Опубликовано:

Атақты айтыскер ақын Мұхтар Ниязов коронавирус індетінің елде белең алғанын көріп тұрып, той, туған күн жасап жатқан азаматтарды сынның астына алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"Тоқтамай той жасаушы сауыққой ағайын, "ауырған адамды көрсет" дедіңіздер, "өлген кісіні көрсет" дедіңіздер. Сенбедіңіздер. Өкінішке орай бәрін артығымен көріп отырсыздар. "Короновирустан өліп, қайта тірілген адамды көрсет" демесеңіздер болды ғой енді.

Келінді түсір де, некесін қиып кіргізіп ал үйіңе. Қызыңды да батасын беріп жібере бер. Болмаса кейінге ысыра тұр.

  • Туған күн дейсің бе, Абылайсың ба, Абайсың ба, мың жылда бір туып жатқан, құтты болсын туған күнің, болды ешкімді жинама.
  • Жаназа шыққан үйлер де түсіністікпен қарайды деп ойлаймын.

Бүгін жақсы көретін жақын жездеміздің жаназасына жете алмай отырмын. Дәрігерлер рұқсат бермейді. Тойдың арты топалаңға ұласып жатыр, тығылып жасап, жасырынып атқара бермей, қойсаңыздаршы енді.

Иіс сезбейміз, дәм сезбейміз дейміз, осындай қауіп пен өлімнің иісі мен дәмін сезбесең әрине солай болады. Тоқтайық шамалы. "Өзім жемейтін құйрық боғымен піссін" дегендей, өзіңіздің үйіңізден өлік шығып, ауру табылмаса болды ма, той жасай бересіз ба? Ұят қой енді", - деп жазды айтыскер Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Соңғы мәліметтер бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандар 47 171-ге жеткен. Өткен тәулікте тағы 1452 адамнан COVID-19 анықталған.

Еске сала кетсек, денсаулық сақтау министрі Алейсей Цой Қазақстанда қауіпті дерттен көз жұмғандардың саны 232-ге жеткенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863569-at-koj-endi-atakty-ajtysker-toj-tugan-kn-zasap-zatkan-azamattardy-synap-tastady/

pixel