Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазушы Әбіш Кекілбайұлының әйелі өмірден өтті

Опубликовано:

Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының әйелі Клара Жұмабайқызы дүние салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Facebook/Оңайгүл Тұржан
Фото: Facebook/Оңайгүл Тұржан: Instagram

Қаралы хабарды қоғам белсендісі Оңайгүл Тұржан Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жеткізді.

"Әбіш Кекілбайұлының зайыбы Клара апа Жұмабайқызы өмірден өтті. Алдыңғы күні ғана сөйлескенімде "ауруханада жатырмын, қызуым түсті, жақсымын" деген. Дауысы да ширақ еді. Жақсы болмады. Ауруханада ем дұрыс емес пе, не болып кетті өзі?",  - деді ақын.

Айта кетейік, Клара Жұмабайқызы 1941 жылы туған. Жазушы Әбіш Кекілбайұлы екеуі 51 жыл 8 ай бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрмыс кешкен.

Қаламгер 2015 жылы өмірден өтті.

Еске сала кетсек, осыған дейін белгілі спорт журлалисі Диас Омаровтың дүниеден өткенін жазған болатынбыз.

Марқұм 1940 жылдың 20 қазанында дүниеге келген. Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің журналистика бөлімінде білім алған.

1966 жылдан Қазтелерадионың спорт коментаторы болған. Ал 1998 жылдан "Хабар" телеарнасында спорт комментаторы ретінде жұмыс істеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863567-zazusy-bis-kekilbajlyny-jeli-mirden-tti/

pixel