Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылықтар күшейтілген карантин кезінде төлемдерге өтініш бере ала ма

Опубликовано:

Алматылықтар күшейтілген карантин кезінде 42 500 теңге ала ма? Бұл сауалға бүгін өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматылықтар күшейтілген карантин кезінде төлемдерге өтініш бере ала ма
Фото: NUR.KZ: Depositphotos

Әлкебайұлының айтуынша, карантин шаралары кезінде мұндай төлемдер жайы қарастырылмаған.

Алайда, Данияр Әлкебайұлы локдаун кезінде әрі онсыз да өмірлік қиын жағдайдағы немесе табысы қысқартылған отбасылар атаулы әлеуметтік көмек алуға жүгінуге болатындығын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Ералы Тоғжанов күшейтілген карантин шаралары енгізгеніне қарамастан, 42 500 теңге мөлшерінде жәрдемақыларды төлеуге заңды тұрғыда негіз жоқ деп мәлімдеген болатын.

"Төтенше жағдай тоқтағаннан кейін оған ешқандай заңнамалық негіз жоқ. Сол себепті азаматтар әрі қарай мүмкіндігінше жұмыс істеген жерлерінде қызметін жалғастыруы тиіс. Осы жағдаймен тікелей байланыстыруға ешқандай негіз жоқ деп ойлаймын", - деген еді Тоғжанов.

Айта кетейік, бұған дейін эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілгенін жазған болатынбыз.

Шектеу шаралары кейін 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін. Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863333-almatylyktar-ksejtilgen-karantin-kezinde-tlemderge-tinis-bere-ala-ma/

pixel