Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұрлықтың жаңа түрі: Алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдайды?

Опубликовано:

Кеше Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Гүлнәрдың (аты-жөні өзгертілген) ұялы телефонына қоңырау келіп түсті. Өзін банк қызметкерімін деп таныстырған кісі Гүлнәрдың банк картасынан әлдебіреу рұқсатсыз қаражат шешіп алуға тырысқанын жеткізді.

Ұрлықтың жаңа түрі: Алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдайды?

Кез келген күмәнді қоңырауларға сене бермейтін әйел телефон нөміріне қарап, қоңыраудың өз банкінің байланыс орталығына сәйкес келетінін көрген.

Өкінішке қарай, бұл жайт оның күмәнін сейілтіп жіберді. Әрі қоңырау шалған кісінің дауысы өте сенімді әрі нық шықты, сондай-ақ ол банк терминдерімен сөйледі.

Қоңырау шалған кісі алаяқтар қаражатты шешіп алмауы үшін, сол сәтте Гүлнәрдың телефонына келген SMS-кодты айтып жіберуін сұрады. Әлбетте, Гүлнәр бөтен адамдарға кодты айтуға болмайтынын білетін еді. Бірақ телефонның арғы жағындағы адам кодты тікелей өзіне емес, автоматты жауап қайтарғыш құрылғысына айтуын сұрады да, қоңырауды бірден дыбыстық қызметке ауыстырды. Бірнеше секундтан кейін ол шотынан ірі сомадағы қаражат шешіп алынғанын көрген.

Болған жайттың мән-жайын түсіне қойған әйел бірден банкке хабарласқан. Тергеу органдары Қазақстан бойынша дәл осындай ондаған істі қарастырып жатқаны анықталды. Алаяқтар шабуылынан Қазақстандағы барлық банктер зардап шегеді. Қаскөйлердің іс-әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша алаяқтық болып танылады. Мұндай қылмыс үшін ең көбі он жылға дейін сотталып, мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қолданылады

Банктер өз тарапынан зардап шеккендерге қаражатын қайтаруға тырысады, алайда егер қаражат шетел банктеріне аударылған болса, оларды қайтару мүмкіндігі өте аз. Біз бұл тұрғыда Гүлнәрдің жолы болады деп үміттенеміз.

Алаяқтықтың мұндай жаңа түрінің кәдімгі телефон алаяқтығынан біршама айырмашылығы бар. Мәселен, қаскөйлер ресми нөмірлерден қоңырау шалуға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамсыздандыруды пайдаланады.

Алаяқ құрбанының құрылғысында банктің ресми нөмірі шығады. Бірақ, шын мәнінде ол банк нөмірі емес. Банктер өз клиенттерінің қаражаты мен жүзеге асатын операцияларды сенімді түрде қорғау үшін тетіктер мен технологияларды үнемі жетілдіріп отырады. Алайда егер клиент алаяқтарға жеке деректерді өз аузымен айтып берген жағдайда, бұл қорғаныс тәсілдері тиімсіз болып қалады.

Алаяқтар телефон арқылы ғана әрекет етпейді. Олар көп жағдайда құрбанның поштасына сіздің банкке ұқсас жасанды сайтқа сілтеме жіберіп, сол электронды мекен-жайға өтуді сұрайды. Алаяқтықтың мұндай түрі көптеген елдерде қолданылады. Ал бүгінгі күні бұл тәсіл Қазақстанда кеңінен етек жайып келеді.

Қазіргі күні, көптеген қызметкерлер жалақысын айдың басында алатын болғандықтан, алаяқтық әрекеттер көптеп орын алуда.

Барлық қазақстандықтарға банктер, туристік операторлар және лотереялық компаниялар атынан келіп түскен кез келген телефон қоңырауларына немесе хабарламаларға аса сақтықпен қарауға кеңес береміз. Сақтану үшін мамандар өз интернет-банкингіңіздің құпиясөзін ауыстырып, ұялы телефонға вирусқа қарсы бағдарламалар орнатып, оны тексеріп отыруға кеңес береді.

Өз кезегінде банктер қызметкерлерінің еш уақытта SMS-, ПИН- немесе CVV-кодтарды, сонымен бірге шоттардың реквизиттері секілді нөмірлерді сұрап, қоңырау шалмайтынын ескертеді. Сақ болып, өз қаражатыңызды сақтаңыз!

*PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863185-rlykty-zaa-tri-alaaktar-kazakstandyktardy-kalaj-aldajdy/

pixel