Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан қалалары арасында блок-посттар қойыла ма

Опубликовано:

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қалалар арасындағы блок-посттар болмайтынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Бұл туралы вице-премьер орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында мәлім етті.

Баспасөз мәслихатында елордаға кіруге немесе қаладан шығуға шектеулер енгізу мүмкіндігі туралы сұрақ қойылды.

"Қозғалысқа ешқандай анықтамалар керек емес. Екіншіден, қалалар мен өңірлер арасында блок-посттар орнатылмайды", - деді Тоғжанов.

Сонымен қатар премьер-министрдің орынбасары өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасы уақытша тоқтайтынын еске салды.

Айта кетейік, бұған дейін эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілгенін жазған болатынбыз.

Шектеу шаралары кейін 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін. Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863155-kazakstan-kalalary-arasynda-blok-posttar-kojyla-ma/

pixel