Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде 14 күндік шектеуде қандай нысандардың жұмысына тыйым салынады

Опубликовано:

Елімізде 14 күнге енгізілетін шектеуге байланысты бірқатар нысанның қызметіне тыйым салынады. Бұндай шешім үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында қабылданды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Тиісті шешімге сәйкес, жұмысына шектеу қойылған нысандар тізімі:

  • Сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түлік сатпайтын жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар, ойын-сауық орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа).
Сонымен бірге, діни нысандар және басқа (СОСО-дағы ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық нысандары (караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары), кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар, банкет залдары) қызметі тоқтатылады.

Еске сала кетсек, бұған дейін эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілгенін жазған болатынбыз.

Шектеу шаралары кейін 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін. Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863107-elimizde-14-kndik-karantinde-kandaj-nysandardy-zmysyna-tyjym-salynady/

pixel