Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмахан: Әкешім туралы әзірге өткен шақта жаза да, айта да алмаймын

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Ерке Есмхана әкесінің мезгілсіз қазасынан кейін желідегі оқырмандарымен байланысқа шықты. Өнер иесі отбасында орын алған қайғылы оқиғадан соң алғаш рет жазба жариялап, өзінің қазіргі жағдайымен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/erke_esmahan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/erke_esmahan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бұған дейін желіде белсенді болып келген Ерке Есмахан әкесінің қазасынан кейін біраз уақытқа деін Instagram кеңістігінен жоғалып кетті. Желі қолданушылары асқар тауы әкесінен айырылған әншіге барынша қолдау білдіріп, өз жылы лебіздерін жіберген.

Көпшіліктің өзіне деген жанашырлығын байқаған өнер иесі үнсіздігін үзіп, әкесі жайлы жазба жариялаған. Оған қоса, ол әкесінің фотосымен бөлісіп, ел жүрегін елжіретті. Суретте оның намаз оқып жатқанын көруге болады.

"Әкешім туралы әзірге өткен шақта жаза да, айта да алмаймын" , - деп жазды Ерке Есмахан.

Еске сала кетейік, Ерке Есмаханның әкесі 20 маусым күні көз жұмған. Алдын ала тараған ақпаратқа сәйкес, әншінің "асқар тауы" екі жақты пневмониядан ауруханада көз жұмған.

Барша шоу-бизнес жұлдыздары бірінен соң бірі оған көңіл айтып, қайғысына ортақтасты. Марқұм ауруханаға түскен соң, бір күннен кейін қайтыс болыпты. Суыт хабарды алғашқылардың бірі болып Нұрболат Абдуллин жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1863076-erke-esmahan-kesim-turaly-zirge-tken-sakta-zaza-da-ajta-da-almajmyn/

pixel