Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Әділгерей: Киноға бәрі төсек арқылы келгенде, біз төбелеспен қабылдандық

Опубликовано:

Отандық танымал актер Қайрат Әділгерей шын мәнінде кино индустриясына көбісі "төсек арқылы" келетінін жайып салды. Оның сөзінше, өнерпаздар фильмдегі басты рөл үшін бәріне дайын екен. Алайда әзілкештің өзі отандық туындылардағы басты рөлдерге қол жеткізу үшін ешкімді төсекке тартпайтын болып шықты. Осы алдағы уақытта қатысатын жобасына ол тіптен төбелестің арқасында келген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Getty Images

Нұрлан Қоянбаевтың фильміндегі рөл үшін Жахан Отарғалиевпен жарысып, артынан одан ұтылған Әділгерей ақыр-соңы аталмыш кинода бой көрсететін болды.

Бұл туралы бас продюсердің өзі мәлімдеді.

Қайрат Әділгерей Нұрлан Қоянбаевпен желіде бірге эфирге шығып, көпті күлкіге қарық қылған. Өнер иесі көптеген әріптестері басты рөлді "төсектің" арқасында, теріс жолмен иемденсе, өзі "Қазақша бизнес Түркияда" атты фильмге төбелеспен қабылданғанын жеткізді.

"Шын мәнінде қабылданғаныма қуанып жатырмын.Құдайға және өзіңізге мың да бір рахмет. Бәрі төсек арқылы кіріп жатқанда, біз ғана шығар төбелесіп қабылданған" , - деді ол.

Айта кетейік, рөл үшін таласқан қос актер "Қызық live" бағдарламасында төбелесіп қалды. Ашуға булыққан Отарғалиев Қайрат Әділгерейді екінші қабаттан лақтырып жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1862921-kajrat-dilgerej-kinoga-bri-tsek-arkyly-kelgende-biz-tbelespen-kabyldandyk/

pixel