Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Бауыржан Ретбаев әке атанды

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Бауыржан Ретбаев алғаш рет әке атанды. Өнер иесінің жары оған қыз бала сыйлаған. Ерлі-зайыптылардың жақындары мен достары желіде оларды жарыса құттықтауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/bauyrzhan_retbayev. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/bauyrzhan_retbayev. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Түрлі музыкалық байқауларда топ жарған жас әнші қуанышты жаңалығымен Instagram парақшасында бөліскен. Ол алыс-жақын туыстарының құттықтауларын өзінің Srories бөімінде жариялап қойған.

Желі қолданушылары жас әкеге деген тілектерін жаудырып жатыр.

"Кішкентайдың бауы берік болсын" , "Дені сау, ақылы көркіне сай ару болып өссін" , "Қызығына тоймай жүре беріңіз" , "Бақытты болсын балапан" , "Артынан іні-сіңлілері ере берсін" , "Әке атануыңызбен, бұл деген нағыз керемет сезім" , "Бауы берік болсын ағасы, жеңгеміз жарады" , "Бақяттарыңыз баянды болсын. Сәбилеріңіз көп болсын" , - деп жазуда олар.

Айта кетейік, Бауыржан Ретбаев пен оның сүйіктісі өткен жылы шаңырақ көтерген. Жеке өмірін жасырын ұстайтын әншінің үйлену тойы да көпшілік үшін күтпеген тосын сый болған.

Сонымен қатар, бұған дейін Ақан Сатаевтың үлкен қызы Марйамды қолдан ұзатқанын хабарлаған болатынбыз. Белгілі режиссердің күйеубаласы каскадер актер болып шықты. Жас жұбайлар некесін мешітте тек ет-жақындарының арасында қидырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1862747-nsi-bauyrzan-retbaev-kyzdy-boldy/

pixel