Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлі де қатал": Төреғали әкесін туған күнімен құттықтап, көптің жүрегін елжіретті

Опубликовано:

Қазақ эстрадасының жұлдызы Төреғали Төреәлі асқар таудай әкесінің туған күніне жантебірентерлік жазба арнады. Өнер иесі оны жаңа жасымен құттықтаймын деп, елдің көзіне жас үйірді. Ол әкесіне деген сыйластығы мен шексіз алғысын әсерлі түрде жеткізген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/toregalitoreali. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/toregalitoreali. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Төреғали Төреәлі Instagram парақшасында әкесін жеке мерекесімен құттықтап, өзінің ақ тілегін жаудырған.

Әнші бүгінгі бар жетістігі - алдымен сол кісінің тәрбиесі мен темірдей тәртібінің арқасы екенін басып айтты.

Өнер иесі әкесінің туған күнінде ол туралы бірқатар тың мәліметпен бөлісті. Сөзінше, Төреәлі Төлепов өмірде қатал кісі екен.

"Қазір дерттің дендеп, аурудың күшіне мініп тұрған кезі. Қоғамды, жалпы адамзат баласының санасын үлкен үрей мен негатив басып тұрғандай. Кімнің парақшасын қарасаң да арпалыс.

Ендеше мен бүгін бір позитивті дүние жазайын деп шештім. Мен емес, бұл осы күні әкемді өмірге әкеліп Алланың шешкен күні екен.

Иә, бүгін отбасымыздың тірегі, ақылшысы, бәріміздің арқа тұтар асқар тауымыз, әкеміздің туған күні.

Кей-кезде байқатпай әкемнің жүзіндегі әжімдерге қарап қызарақтап қалам. Пәлендей терең әжім түспесе де қартайып бара жатыр. Жылжып өткен жылдар адамның жүзіне өз ізін қалдырмай тұрмайды, бірақ соған көбіне біздің де үлесіміз үлкен.

Менің қатарымда мен сияқты бала көп болған шығар деп ойлаймын, бірақ олардың әкелері оларға сенген жоқ, болашағына қаржы салған жоқ. Ал біздің Төкеңнің (әкем ғой) көшіп отырған жерлерін қарасаң менің жетілу мектептерім екен. Жасыратыны жоқ әлі қатал.

Неше баланың әкесі болсам да ол кісіге өтпелі кезеңнен өтіп жатқан бозбала сияқтымын, бірақ желкемде сондай өткір көз бен сұсты жанар тұрмаса не боп кетерімізді Құдай білсін. Әкең бір халық бір еркелете берген соң, орныңнан тұра алмай қаласың ғой.

Ең бір жүрегімді қозғайтын нәрсе ешкімнің ата-анасы мәңгілік емес қой. "Қалтылдаған қарттық деген жақсы нәрсе емес, бірақ ұзақ жасаудың одан басқа жолы жоқ" деп Бернард Шоу айтпақшы, менің ата-анам әйтеуір ерте үйленген жандар.

Ұл-қызының алдын аяқтандырып, немере иіскеп отыр. Ендігі тілегім осы бастарында тұрған бақыттары баянды болса екен.

Әрбір әке баласына менің әкем құсап қараса, Қазақстан дамиды бұдан да мықты боп. Әкешім, Алла сізге амандық, денсаулық берсін, қос дүниенің бақытын, жақұтын, жақсылығын тілеймін. Арқамды тірейтін алып таудай дүркіреген, күркіреген қалпыңызда жүре беріңіз. Бізге тек туған күніңізді ғана тойлатыңыз" , - деп жазған ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1862532-li-de-katal-tregali-kesin-tugan-knimen-kttyktap-kpti-zregin-elziretti/

pixel