Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жылап алдым": Гүлнұр Оразымбетованың жақындары індетке шалдыққан

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова жақындарының коронавирус жұқтырып алғаны туралы хабарды аса ауыр қабылдаған. Өнер иесі күні бойы көңілсіз күй кешіп, арасында жылап та алғанын жасырмады. Ол індеттің өршуі халықтың оған немқұрайлы қарап, сенбестік танытқандықтан белең алуда екенін басып айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/gulnurorazymbetova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/gulnurorazymbetova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Оразымбетова ішкі жантебіренісіне толы жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Әнші вирустың барына әлі де сенбей жүрген халыққа үндеу жасап, барынша сақтануға шақырды.

"Не болып кетті мына дүние. Бүгін күні бойы көңілім түсіп,жылап алдым. Жақын жандар осы індетке шалдыққанына жүрегім сенбей,өзімді алдаусыратам деп едім,онымнан түк шықпады. Індеттің беті жаман. Барынша сақ болайықшы,қолымыздан келгенше. Сенбестік танытқанымыз шекеден шығып жатыр. Сақтансаң сақтаймын деген бекер айтылмаған ау. Еліміз үшін қиын уақыт болып тұр.. өте қиын. Алла тағалам осы індеттің ауылын елімізден алыстатшы. Алас, алас бәледен алас" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Нұрболат Абдуллин де коронавирус пандемиясына қатысты пікір білдіріп, көпшілікті сақтанып жүруге шақырды. Ол күн ыстықта жұқғатын аурудан жызылп шығу аса қиын екенін түсіндірді.

Оған қоса, Айқын Төлепбергеннің жары мен қызы үш күннен бері ауырып жатқандарын хабарлап, елді алаңдатып қойды. Анасы мен қызы тамақтары қызарып, дене қызуы көтерілгенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1862256-zylap-aldym-glnr-orazymbetovany-zakyndary-indetke-saldykkan/

pixel