Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысы мен қала тұрғындары таңғы уақытта жер сілкінісін сезді

Опубликовано:

Оңтүстік астана мен Алматы облысының тұрғындары бүгін, 6 маусым күні таңғы сағат 6 шамасында жер сілкінісін сезді. Жер асты дүмпулерінің эпицентрі мегаполистен екі жүз шақырымдай жерде болды деп хабарлайды Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

жер сілкінісі
Көрнекі фото: : Furchin / Getty Images: Getty Images

Департаменттің хабарлауынша, мегополис пен аймақтағы жер асты дүмпулері таңертеңгі уақытта сезілген.

Жер сілкінісінің эпицентрі Ескелді ауданында, оңтүстік астанадан 250 шақырым жерде орналасқан тауларда анықталды.

жер сілкінісі
Фото: Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі: UGC

Алматыда дүмпулердің қабылдануы шамамен 2 баллды құрағандығы айтылды.

Министрлік оңтүстік астанадағы және аймақтағы барлық құзырлы органдар мен қызметтерге жер сілкінісі туралы ескертілгенін атап өтті.

Ал желіге алматылықтардың өзінен ешбір хабарлама жолданбаған.

"Гидроқұрылғылардың деформациясы, жарықтары, шөгінділері және басқа көрінетін зақымдары табылған жоқ", - деп толықтырды департамент.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жер сілкінісін Талдықорған қаласының тұрғындары да сезген. Мұнда дүмпулерді қабылдау 4 балл болыпты.

Қала эпицентрге жақын болғандықтан бұл жерде төтенше оқиға айтарлықтай байқалған.

Мұнда да барлық мемлекеттік органдар мен жауапты қызметтерге ескертілген. Азаматтардың зардап шеккені немесе қандай да бір заттардың қирап қалуы туралы ақпарат түспеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1859150-almaty-oblysy-men-kala-trgyndary-tagy-uakytta-zer-silkinisin-sezdi/

pixel