Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алдай алмайсың": Ренат Гайсин әнші Динаямен бірге тұрып жатқанын мойындады

Опубликовано:

Отандық танымал композитор Ренат Гайсин өзі продюсерлік ететін Диная есімді әншімен көңіл қосқанын мойындады. Қос ғашықтың бүгінде тіпті бір шаңырақ астында тұрып жатқаны белгілі болды. Олардың шығармашылықтағы тандемі шынайы өмірде махаббатқа ұласқан деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/dinaya/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/dinaya/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Ренат Гайсин сүйіктісі екеуі карантин уақытын қалай өткізгені туралы бар шындықты айтып берді. Өнер иелері күнде бірге ас әзірлеп, серуендеп тұрған.

"Адамдар бәрін түсінеді, біледі ғой. Адамдарды алдай алмайсың ғой. Біз Дина екеуміз күнде үйде тамақ жасаймыз ба немесе далаға шығамыз ба, бірақ үйге келгенде аптасына бір рет ән жазып тұрамыз.
Үш-төрт күнде бір ән жазуға тырысамыз. Оған жазған әндерім әрқашан махаббатпен шығатын әндер. Халқымыз жеке өмірден гөрі, шығармашылығымызға көбірек мән берсе дұрыс болар еді" , - деді композитор

Айта кетейік, халық арасында қос жұлдыздың көңіл қосқаны жайлы қауесеттер өте көп болды.

Көпшілік белгілі композиторды әйелі мен үш баласын тастап кетті деп сынап жатты.

Ал Диная болса желіде Гайсинмен түскен фотоларын белсенді түрде жариялап, халық қызығушылығын одан бетер ушықтыра түсті. Желідегілер әншіге жағымсыз пікірлер қалдыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1858990-rinat-gajssin-nsi-dinaamen-bir-sayrak-astynda-tryp-zatkanyn-mojyndady/

pixel