Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Трамп АҚШ-тағы тәртіпсіздіктерді басу үшін әскерилер тартылмайтынын мәлімдеді

Опубликовано:

АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі тәртіпсіздіктерді басу үшін әскерилерді тарту мүмкіндігін жоққа шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Дональд Трамп. Фото: kremlin.ru
Дональд Трамп. Фото: kremlin.ru: Facebook

Бұл туралы ол Newsmax TV телеарнасына берген сұхбатында мәлім етті.

Америка басшысы әскерилерді тарту мәселесі жағдайға байланысты қаралатынын атап өтті.

"Бұндай қадамға баруға тура келеді деп ойламаймын", – деді Трамп.

Бұған дейін ол елдегі тәртіпсіздіктерді басу үшін әскери күштер тартылуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Еске сала кетейік, 25 мамырда АҚШ-тың Миннеаполис қаласында полиция қызметкерлері афроамерикалық Джордж Флойдты тұтқындаған болатын. Дөрекі тұтқындау кезіндегі кісі өлімі қоғамда наразылық тудырды.

Қолға түсіру кезінде полицей ер адамды тізесімен қылқындырған. Оқиға орнынан жарияланған кадрлар америкалықтарды таңғалдырды. Марқұм көмек сұрап, оны тұншықтыруды доғаруын өтінген. Ер адам дем ала алмай жатқанын айтып, шағымданған. Алайда, полиция қызметкері оған мән бермеген. Кейіннен Джорж Флойд жан сақтау бөлімінде көз жұмды.

Осыдан кейін жағдай ушығып, Миннеаполисте тәртіпсіздіктер қарқын ала бастады. Содан кейін АҚШ-тың ондаған қаласында наразылық акциялары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858909-tramp-aks-tagy-trtipsizdikterdi-basu-sin-skeriler-tartylmajtynyn-mlimdedi/

pixel