Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ҰҚК алқасының отырысында Мәсімовтің баяндамасын тыңдады

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік комитеті алқасының кеңейтілген отырысын өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Мемлекет басшысы өткізген жиынға Ұлттық қауіпсіздік комитеті орталық аппаратының және аймақтық бөлімшелерінің басқарушы құрамы қатысты.

Жиын алдында Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған ҰҚК органдары қызметкерлерін еске алуға арналған стелаға гүл шоқтарын қойды.

Сондай-ақ ҰҚК орталық аппаратының 2017 жылы қайта жөндеуден өткен музейіндегі Тәуелсіздік алған сәттен бергі Комитеттің даму тарихын қамтитын экспозицияны көрді.

Отырыс барысында Қазақстан президенті ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің баяндамасын, Комитеттің құрылымдық және аймақтық органдары басшыларының есебін тыңдады.

Жиын соңында мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске сала кетсек, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Елтаңба, Ту, Әнұран – Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі, бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі. Біз халқымыздың мүддесін қорғайтын күшті, беделді мемлекет құру жолында биік белестерге бірге жетеміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1858902-tokaev-kk-algasyny-otyrysynda-msimovti-baandamasyn-tydady/

pixel