Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыруар ақша берген: Түркістан облысында 63 жастағы алаяқ зейнеткер ұсталды

Опубликовано:

Түркістан облысында егде жастағы әйел талапкерді оқуға түсіруге көмектесемін деп уәде беріп, 2 миллион теңгені қолды қылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысында талапкерді оқуға түсіруге уәде берген алаяқ зейнеткер ұсталды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Алаяқтар талапкерлер үшін маңызды кезеңді күнкөріс көзіне айналдыруда. Оған Жуалы ауданында орын алған оқиғаны мысал ретінде алуға болады.

Түркістан облысының 63 жастағы тұрғыны ата-анаға жас түлекті еліміздегі академиялардың біріне оқуға түсіруге көмектесуді ұсынған. Алайда "Қызметі" үшін 1 200 000 теңге алған алаяқ ізін суытыпты.

"Әйелді Жамбыл облысының криминалдық полиция қызметкерлері қолға түсірді. Жалпы шығын көлемі 2 миллион теңгені құрады", - деді ПД басшысының орынбасары Нұржан Қалметов.

Сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша жүргізілуде.

Жамбыл облыстық полиция басқармасы азаматтарға алаяқтардың құрбанына айналмау үшін сақ болуға кеңес берді.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе қаласында алаяқтың тұрғынның жеке деректері мен банк депозитінің нөмірін біліп алып, алдап кеткені туралы хабарлаған едік.

Алаяқтық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына (алаяқтық) сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858885-kyruar-aksa-bergen-trkistan-oblysynda-63-zastagy-alaak-zejnetker-staldy/

pixel