KZ

Аштық жариялап, ауруханаға түскен мұнайшылардың саны өсті

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Ал осы өңірде екі аптадан бері аштық жариялап жатқан "Ерсай" компаниясы жұмысшыларының жағдайы күрт нашарлап кетті. Бірінен соң бірін жедел жәрдеммен ауруханаға әкетіп жатыр. 

Нәр тартпай жатқан  50 адамның 21-і жергілікті қазір жергілікті ауруханада. Өзгелері де әбден әлсіреген. Әзірге олардың жағдайын сұрап келген жан жоқ.

Естеріңізге салайық, қазақ италиян біріккен компаниясының жұмысшылары жалақыларын осы мекемеде істейтін шетелдік мамандармен теңестіруді талап етіп,  20 күннен бері наразылық шарасын өткізіп жатыр. 

Дәл осы уақытта Батыс Қазақстанда басқа компанияның жұмысшылары да ереуілде. Bnews агенттігінің хабарлауынша "Қаражанбасмұнай" АҚ-да ереуілге шыққан 72 қызметкер жұмыстан шығарылды. 

Қазіргі таңда заңсыз шеру акциясына қатысқаны үшін ҚБМ, АКҚ және ТМҚ-ның 72 қызметкерімен еңбек келісімшарты бұзылды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.  

ҚБМ сондай-ақ қазіргі таңда Қаражанбас кен орнында жұмыс істейтіндердің саны артып жатқаны туралы ақпарат берді, бүгінде ол 700 адамға жуықтаған. Кен орнында ереуілдеушілердің саны 164 адамға дейін қысқарды. Тәуліктік өндіру тұрақтанған, кейбір мұнай өндірудің өскендігі байқалады.    

Одан бөлек, баспасөз парағында кеше, 2011 жылдың 1-маусымында 51 жасында "АКҚ" ЖШС №4 жүк көтеру техникасы автоколоннасының басшысы Кенжебаев Сәбит Тоқтарұлы мезгiлсiз қаза тапқаны айтылады. 

Кенжебаев С.Т. мамырдың 14-нен 29-на дейін Қаражанбаста вахтада болған, түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізіп, заңсыз ереуілге қатысқан АКҚ жүргiзушiлерiн жұмыс орнына оралуына мұрындық болады. 

Новости Казахстана
Аштық жариялап, ауруханаға түскен мұнайшылардың саны өсті
Mailfire view pixel