KZ

Қазақтың қымызын немістер патенттеп алды

Расcказать Вконтакте

Алты мың жылдық тарихы бар қымыз енді қазақтікі емес! Патенттеуге шебер шетелдіктер бізден тез қимылдапты. Нәтижесінде ата сусын-қымызымыз немістерге тиесілі боп шықты. Шұбат – еврейлерде, қазы – италиялықтарда. Мөрі басылған қағазға түк те қыла алмайсыз, дейді КТК телеарнасының тілшілері. 

Бүгінде елімізде 10 шақты кәсіпкер қымыз, шұбат шығарады, ал бір ғана Германияда осындай 50 кәсіпорын бар. 

Ата сусынды алдымыздан тартып әкеткен жоқ. "Берсең - қолыңнан, бермесең – жолыңнан" деп, босағада ешкім бөгемеді.

Алты мың жылдық тарихы бар қымыз-қымыран қазақтың қасиетті асы дегенде, "қой" деген ешкім болмады.

Бірақ көлгірсіген ауыз мөрге сенетін заманның келгенін аңдамады, әттең... Қазір “қайда осы қазекемнің қадірлі асы?” деп жоқтауға көштік.

Сөйтсек, немістің қымызын, еврейдің шұбатын, италиялықтардың қазысын шеңгелдеп асап жүр екенбіз.

Аталған пысықтардың өзі Ботай тұрағынан жылқы тауып, "қымыз бен қазы қазақтікі екен, оңбай, жаңылысыппыз" деп еңбек жазғаны кеше ғана. Бірақ, енді олар біздікі емес...

Ахметбек Нұрсила, “Саржайлау” қымыз цехының директоры:

- Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп жатыр, бар байлығымыз. Соның бірі - біздің ата-бабамыздың ең қасиетті тағамы, байлығының біреуі, өкінішке қарай, шетелдерде көп сұранысқа ие, олар соны өндіріп, қызығын да, пайдасын да көріп жатыр. 

Мегаполис деп кеуде керетін Алматыда аядай ғана осы цехта күбі күтіліп, қымыз құйылады. Айына 45 тоннаға ғана, қауқарлы. "Туберкулез бен қатерлі ісіктің бетін қайтаратын сусынның көлемін көбейту керек" - дейді кәсіпкер. "Сыраны сіңіргенше, қымызды сімірген жөн" деп қақсағаны да көп болыпты.  

Ахметбек Нұрсила, қымыз цехының директоры:

- Бізде кезінде Саржайлау болған ғой, көз алдыңа үлкен байлық, ағып жатқан су, жылқы елестейді. Өкінішке қарай кейінгі 70 жылда біздің қалаларымыз - Сыражайлау болып кетті.

"Сыражайлауда" асыр салған ұлттың ата сусынының байыбына барған-немістер. Олар 1959 жылы қымыз өндіруді бастаған. Әлем сиқырлы сусыны бар деп бас иетін Ганс Цольман қазір 500 бие сауады екен. Конгреске арнайы келген ол "қазақтар қымызды бүйтсе, дұрыс болады" деп бағыт сілтеді.

Ганс Цольман, Германияның қымыз өндірушісі:

-  Сіздер тек қымыздан сусын жасайсыздар; оның пайдасын терең ұғу керек. Мен соңғы 20 жылда әйелдерге арнап иісмайлар, балалар тағамын жасадым. Осы тәжірибеммен бөлісіп, үйреткім келеді, барлығын.

Неміс азаматы жыл сайын қымызмұрындық өткізеді. Бір ғана Германияда 50-ден астам кәсіпорын қымыз жасайды екен. Геродот: “Сақтардың сүйікті сусыны бие сүті екен, егер біреу құпиясын ашса, екі көзін ағызып жібереді” - деп жазған.

 Сіздер тек қымыздан сусын жасайсыздар; оның пайдасын терең ұғу керек. Мен соңғы 20 жылда әйелдерге арнап иісмайлар, балалар тағамын жасадым. Осы тәжірибеммен бөлісіп, үйреткім келеді, барлығын

Сақтардың сүйікті сусыны - қымыздың алты мың жылдық тарихы бар екені талассыз. Бірақ бабадан қалған сусынды қазақтың қымыз қымыраны деп меншіктей алмайсыз, енді. Міне, қазақтікі, немістікі, француздың қымызы, яғни, "сіз" бен "біздің" қымыз деп бөлетін күнге жеттік. Ата сусынның тарихи отанын шатыстырып алмасақ болды, енді. 

Новости Казахстана
Қазақтың қымызын немістер патенттеп алды
Mailfire view pixel