Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тоқал емеспіз": Белгілі журналист жалғызбасты әйелге не керек екенін айтты

Опубликовано:

Белгілі журналист, редактор Назгүл Қожабек жалғызбасты нәзік жандыларға не керек екенін жеткізді. Оның сөзінше, қазіргі кезде қоғамда күйеуі жоқ қыздарға "жаны ашығыштар" көбейіп кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Facebook/Назгүл Қожабек және pixabay.com
Фото: Facebook/Назгүл Қожабек және pixabay.com: Instagram

Бұл туралы төртінші билік өкілі Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Ерінбегеннің бәрі әйелдерге жаны ашығыш. Тізесін құшақтап жалғыз отырғанша, біреудің ашынасы болғанша, біреуге тиіп алмай ма, еркектің қолы керек қой, жылы сөзге зәру ғой, анау ғой мынау ғой... Білесіздер ме...

Жалғызбасты қыздарға, ажырасқан әйелдерге ең алдымен не керек екенін білесіздер ме?

Құрмет! Құрмет керек. Осындай әңгімелер айтылмағаны керек. Жалғызбасты екен деп ешкім басынбағаны керек. Ешкім етегін ашып, етіне үңілмегені керек. "Түнде қайтіп жатасың?" деп сұрамағаны керек. "Байғұс-ай, саған қиын ғой" деп мүсіркемегені керек. "Қайтсін енді, еркегі жоқ қой" деп табаламағаны керек.

Біз - еркегі жоқ әйелдер, сіздермен - еркегі бар әйелдермен де, тіпті еркектермен де терезесі тең адамбыз. Бізге - еркегі жоқ әйелдерге мүсіркеу емес, Құрмет, өз бетімізбен өмір сүріп, қолымыздан келген шаруаны атқарып, ешкімге жалтақтамай өмір сүруге мүмкіндік керек. Біз - еркегі жоқ әйелдер - потенциал тоқалдар емеспіз. Тіпті отыздан асқан қыздың өзі амал жоқтан біреуге күндес болуға емес, өз алдына шаңырақ көтеруге лайық. Неге олай болмай жүргені - сенің проблемаң емес.

Әйелге жаны ашу оны құрметтеуден басталады. Біз - еркегі жоқ әйелдер - ең алдымен адамбыз.

Білем, "қайтсін, байғұс, шымбайына батып кеткен ғой, жанына тиіп кеткен ғой" деп психоанализге жүгіресіздер. Мархабат.

Біз - еркегі жоқ әйелдер, бір бақыттан әйтеуір дәмеліміз. Күтеміз, іздейміз. Бірақ ол - әрқайсымыздың өз жолымыз. Сол жолда біреулердің сөзбен де, іспен де қорлауына лайық емеспіз", - деп ағынан жарылды Назгүл Қожабек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858680-tokal-emespiz-belgili-zurnalist-zalgyzbasty-jelge-ne-kerek-ekenin-ajtty/

pixel