Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаман ұлт жоқ": Димаш пен Головкин АҚШ-тағы митингтерге қатысты үн қосты

Опубликовано:

Желі қолданушылары өздерінің парақшаларына нәсілшілдікке қарсы екенінің белгісі ретінде қара түсті шаршыны жаппай жариялап жатыр. Бұл бастаманы белгілі отандастарымыз – Димаш Құдайберген мен Геннадий Головкин де қолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Димаш пен Головкин АҚШ-тағы тәртіпсіздіктерге қатысты пікір білдірді
Димаш Құдайберген: Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash: Instagram

Әлемді таңдай қақтырған Димаш Құдайберген өзінің Instagram-дағы парақшасында афроамерикалық Джордж Флойдтың өліміне байланысты АҚШ-тағы тәртіпсіздіктерге қатысты пікір білдірді.

Жас әнші жаман ұлт болмайтынын, алайда жаман адамдардың бар екенін айтты.

"Жаман ұлт жоқ, жаман нәсілдер де жоқ. Жаман адамдар бар. Әлемдегі нәсілшілдікке жол бермейік!

Барлық адамдар бірдей. Ерте ме, кеш пе барлығымыз Алланың алдына барамыз.

Менің афроамерикалық достарым бар, мен олармен жақсы қарым-қатынастамын. Олар өте дарынды әрі керемет жандар.
Бүкіл әлемде тыныштық болсын! Бәріміз бұл өмірге қонақпыз! Нәсілшілдікке жол жоқ", – деп жазды Димаш.

Бұған дейін IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзінің Instagram-дағы парақшасында қара шаршыны жариялаған болатын.

Осылайша, ол Blackout tuesday атты флэшмобты жалғады. Эстафетаның мәні қолданушылар әлеуметтік желілердегі парақшаларында сейсенбі бойы ойын-сауықтық жазба қалдырмай, сондай-ақ Black lives matter ("Қара нәсілділердің өмірі маңызды") қозғалысын қолдауға байланысты пост салуы тиіс.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Америка Құрама Штаттарында дөрекі түрде тұтқындау кезінде афроамерикандықтың өліміне байланысты адамдар көшеге шыққан деген ақпарат тараған болатын.

ФБР агенттері ер адамның өліміне қатысты тергеу ісін жүргізіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858651-zaman-lt-zok-dimas-pen-golovkin-aks-tagy-mitingterge-katysty-n-kosty/

pixel