Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы полиция бастығы блок-бекеттегі апаттың себептері жайында сөз қозғады

Опубликовано:

Оңтүстік астананың полиция департаменті басшысы Қанат Таймерденов азаматтарды екі тәртіп сақшысының өмірін қиған блок-бекеттегі жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу амалдарының аяқталуын күтуге шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алматы полиция дептарменті
Фото: Алматы полиция дептарменті: UGC

Таймерденов резонанс тудырған жол апатының Қазақстан заңдары шеңберінде тергеліп жатқанын атап өтті.

Айтуынша, аталған қылмыстық іс екі немесе одан да көп адамды өлтіру бабы бойынша тергеліп жатыр. Оқиға орны Алматы облысында болғандықтан, тергеуді өңірлік полицейлер жүргізуде деп жазды Sputnik Қазақстан.

Сондай-ақ, Таймерденов ішкі істер министрінің барлық бөлімше басшыларының іс-әрекетіне түбегейлі баға беріп, қателікке бой алдырған адамдарды жазалағанын тілге тиек етті.

Қазақстан заңдары талаптарына сәйкес, әзірге тергеу нұсқалары айтылмайды.

Сондай-ақ, бұрын полиция қызметкері болған күдіктіге қатысты тергеу барлық заң талаптарын сақтай отырып жүргізілуде.

Сөз соңында Алматы ПД басшысы азаматтарды бұл оқиғаға байланысты әлеуметтік желілерде болжам жасамауға, қауесет пен жорамал таратпауға, тергеудің ресми нәтижесін күтуге шақырды.

Еске сала кетейік, екі полиция қызметкерінің өмірін жалмаған жол апаты 25 мамырда таңғы сағат 5.30-да Көксай ауылындағы блок-бекетте болған.

BMW көлігінің жүргізушісі, әуелі бетон қоршауға соғылып, содан кейін полиция қызметкерлерінің көлігіне соқтығысқан. Көлік ішінде қос бірдей полиция қызметкері отырған.

Алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев қайтыс болса, оның әріптесі полиция сержанты Дастан Әбдіқанов ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимастан көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858575-almaty-policia-bastygy-blok-bekettegi-apatty-sebepteri-zajynda-sz-kozgady/

pixel