Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қамалжан Надыров Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болып тағайындалды

Опубликовано:

Оңтүстік астана әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Қамалжан Талғатұлы Надыров Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық әкімдіктің ресми telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Қамалжан Надыров Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды

Әкмідіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұрынғы вице-министр өз міндерттерін атқаруға кірісіп кеткен.

Қамалжан Надыров 1983 жылы 27 ақпанда дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетін емдеу ісі мамандығы бойынша, Тұран университетін – экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі.

Сондай-ақ, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін (Execuitive MBA) бітірген, "The Fuqua School of Business" Duke University-де (АҚШ), "Parkway College"(Сингапур) оқу орындарында білім алған.

Еңбек жолын 2007 жылы интерн-дәрігер, клиникалық ординатор, бөлім меңгерушісі, Б.О. Жарбосынов атндағы "Урология ғылыми орталығы" бас директорының орынбасары болып бастаған.

2014 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерді стандарттау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. 2015-2017 жылдары "Республикалық диагностикалық орталық" ("University Medical Center") директоры қызметін атқарған.

2017-2019 жылдары Астана қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасын басқарады.

2019 жылғы наурызынан жаңа қызметіне дейін Денсаулық сақтау вице-министрі болды.

Еске сала кетейік, Қамалжан Надыров Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болып 21 сәуірде тағайындалған еді. Алайда шенеуніктің коронавирус инфекциясын жұқтырып алуына байланысты оған жұмысын кейінге қалдыруға тура келді.

Ал Надыров емделіп жатқан кезде ведомствоны өз еркімен қызметтен кеткен бұрынғы басшы Тілеухан Әбілдаев басқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858481-kamalzan-nadyrov-almaty-kalalyk-densaulyk-saktau-baskarmasyny-bassysy-bolyp-tagajyndaldy/

pixel