Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда шетелдік азамат ірі көлемдегі есірткімен ұсталды

Опубликовано:

Оңтүстік астанада Тәжікстан азаматы ұсталды. Полицейлердің ақпары бойынша, ол героин сатумен айналысқан деп жазады KAZ.NUR.KZ polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда шетелдік азамат ірі көлемдегі есірткімен ұсталды
Видеодан кадр: polisia.kz: Depositphotos

Шетелдік кезекті дозасын сатып жатқанда қолға түскен. Тәртіп сақшыларының сөзінше, олар ірі дилермен байланысып, операцияны нақты жоспарлаған.

Тәжікстаннан келген мейман өз отандастарымен "Айнабұлақ" шағын ықшамауданында тұрған. Полиция қызметкерлерінің анықтауы бойынша, ұсталған азамат өз компаньондарының біріне тауар беріп отырған, ал ол есірткіні өлшеп-орап, доза бойынша сатумен айналысқан.

Ұстау кезінде құқық қорғау органдары Lada автокөлігін тінтіп, орындықтардың астынан сұр түсті затпен (шамамен героин) полиэтилен пакетті тауып алды.

Сараптама полицейлердің күдігін растапды. Тыйым салынған заттың жалпы салмағы 100 граммды құрады.

Кейіннен Тәжікстанның тағы бір азаматы құрықталды. Оның үйінен салмағы 25 граммды құрайтын есірткі орамалары табылды. Күдіктілер изоляторға жіберілді. Алматы полиция департаменті есірткі кәсібіне қарсы басқарма бастығы Ерлан Алмағамбтов шетелдіктерге қатысты Қылмыстық кодестің 297- бабына сәйкес тергеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

Одан бөлек, үйде тұратын Тәжікстанның тағы бірнеше азаматтың көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталды. Көші-қон полициясы тәртіп бұзушыларға қатысты тиісті шараларды қолданды.

Айта кетейік, өткен аптада Алматыдағы блок-бекетте болған жол апатынан көз жұмған полиция қызметкері Абдықанов Дастанның анасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858415-almatyda-seteldik-azamat-iri-klemdegi-esirtkimen-staldy/

pixel