Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Армения премьері Пашиньян коронавирус жұқтырып алды

Опубликовано:

Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен оның жанұя мүшелері жаңа типті коронавирус инфекциясын жұқтырған болып шықты. Бұл туралы саясаткердің өзі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Николай Пашинянның Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Армения премьері Пашиньян коронавирус жұқтырды
Фото: facebook.com/nikol.pashinyan: Facebook

Премьер-министрде COVID-19 инфекциясы диагнозы расталғанымен, әзірге негізгі белгілері байқалмаған. Одан бөлек, саясаткердің жанұя мүшелері де науқас болып шыққан.

Пашинянның айтуынша, симптомдар әлі де шығуы мүмкін және дерт симптомсыз формамен шектелмейді. Армения үкіметінің басшысы енді дертті қауіп-қатер тобына кіретін егде жастағы азаматтарға жұқтырып аламын деп уайымдап отыр.

Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық.

Одан әрі саясаткер өз міндеттерін резиденция ғимаратынан оқшаулау режимінде орындауды жақсы сезінгенге дейін жалғастыратынын мәлімдеді.

Үкімет басшысында қазірге қажетті барлық байланыстары, жұмыс орны, оқшаулау мүмкіндігі бар. Хабарлама соңында Пашинян "коронавируспен бірге өмір сүру" міндеті тұрғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 450 адам тіркелді. Осылайша, елде COVID-19 диагнозы расталғандар саны 11 308-ге жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858315-armenia-premeri-pasinan-koronavirus-zktyryp-aldy/

pixel