Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісайда той ұйымдастырған полицей жұмыстан босатылды

Опубликовано:

Жетісайда карантин кезінде той тойлап көзге түскен Шымкент қалалық полиция бөлімінің қызметкері жұмыстан шеттетілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Түркістан облысындағы тойханада түсірілген видеодан соң полицей жұмыстан қуылды
Фото: vera.kz: UGC

Түркістан облысының Еңбекші ауданындағы полиция басқармасының қызметкері болып жұмыс істегені белгілі. Vera.kz сайтының хабарлауынша, Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі қызметкер жұмыстан уақытша шеттетілгенін, оған қарсы қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Сонымен қатар, тексеру нәтижелерін қорытындылау үшін тәртіптік комиссия отырысы 2020 жылдың 1 маусымы, яғни бүгін өтеді. Бұл жерде тәртіп сақшының әрекетіне қорытынды баға қойылып, қандай жаза арқалайтыны туралы шешім қабылданады.

Түркістан облысындағы тойханада түсірілген видеодан соң полицей жұмыстан қуылды
Фото: vera.kz: UGC

Бұған дейін коронавирус эпидемиясына байланысты карантиндік шаралармен жұмыс істеуге тыйым салынғанына қарамастан ұйымдастырылған Жетісайдағы тойда түсірілген видео әлеуметтік желіде кең тараған болатын.

Тойханаға ондаған адам жиналып, көңіл көтеріп, думандатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, сайран салуға себеп – мектеп бітіру мерейтойын тойлаған. Сонда да, кейбір қатысушылар Шымкент қаласының полиция қызметкерлері болуы мүмкін деген ақпарат пайда болған еді.

Мәліметтерге сәйкес мерекелік отырыс осы жылдың 24 мамырында болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858303-zetisajda-toj-jymdastyrgan-policej-zmystan-bosatyldy/

pixel