Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ астанасына әскер енгізілді

Опубликовано:

Билік афроамерикалықтың қаза болуына байланысты жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты Вашингтон мен Колумбия округына ұлттық гвардияны енгізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Getty Images / Spencer Platt
Көрнекі фото: Getty Images / Spencer Platt: UGC

АҚШ астанасына әскерлерді енгізгені туралы Вашингтонның мэрі Мюриэл Боузер өз Twitter парақшасында айтты.

Оның айтуынша, ұлттық гвардия тәртіп сақшыларын қолдайды. Ал коменданттық сағат 1 маусымда таңғы сағат алтыдан басталады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін АҚШ тұрғындары афроамерикалықтың құрықтау кезіндегі өліміне байланысты көшелерге шыққаны туралы хабарланған болатын.

Азаматтың өлімін тергеумен ФБР агенттері айналысып жатыр. Марқұмды ұстамақ болған полиция қызметкерлері жұмыстан босатылды. Қала мэрі жергілікті тұрғындардан кешірім сұрады.

Джордж Флойдтың ірі тұтқындау кезінде қаза табуы Миннеаполис пен басқа америкалық қалаларда да халық назарына ілінді. Тұрғындар көшелерге шығып, бас көтерді.

Наразылық білдірушілерді тарату үшін көзден жас ағызатын газ және резеңке оқ қолданылып жатыр. Миннеаполисте полицейлер БАҚ өкілдеріне қарсы арнайы құралдарды пайдаланғаны белгілі болды.

АҚШ билігі полициямен кез келген қақтығысқа түсу, сондай-ақ оларға қауіп-қатер төндіру ішкі терроризм актісі ретінде бағаланатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Флоридадағы ғарыш айлағында 30 мамырда ұшырылған "Фалькон-9" ғарыш зымыраны Crew Dragon кемесін ғарышқа алып шыққан еді. Илон Масктің SpaceX корпорациясы жасаған ғарыш кемесімен екі америкалық ғарышкер ұшты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858286-aks-astanasyna-sker-engizildi/

pixel