Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы 450 науқас: Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны он бір мыңнан асты

Опубликовано:

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 450 адам тіркелді. Осылайша, елде COVID-19 диагнозы расталғандар саны 11 308-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
Көрнекі фото: hightech,.fm: Instagram

Басылым хабарлауынша, Қазақстанда өткен тәулікте 450 адам коронавирус дертімен ауырғаны белгілі болды.

Өсім 4,1% құрады.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 101 (4,8%) Атырау облысы - 69 (6,7%) Қарағанды облысы - 59 (6,8%) Батыс Қазақстан облысы - 44 (7,1%) Шымкент қаласы - 32 (3,8%) Алматы қаласы - 31 (1,2%) Қызылорда облысы - 31 (8,4%) Маңғыстау облысы - 17 (6,8%) Шығыс Қазақстан облысы - 16 (13,4%) Ақмола облысы - 14 (9,2%) Түркістан облысы - 9 (2,4%) Алматы облысы - 8 (2,3%) Солтүстік Қазақстан облысы - 5 (9,3%) Қостанай облысы - 5 (2,8%) Ақтөбе облысы - 5 (1,5%) Жамбыл облысы - 3 (0,8%) Павлодар облысы - 1 (0,5%)

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 11 308-ге жетті.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясынан болған алғашқы өлім фактісі тіркелді. Марқұмның Теңіз кен орнында жұмыс істегені белгілі болды. Ол Оралға 3 мамыр күні келген. Коронавирустың бар-жоғын тексеру үшін блок-бекеттегілер оны ауруханаға жатқызады.

Осыдан соң алынған екі сынақ та теріс нәтиже көрсетіп, нәтижесінде ер адам үйдегі карантинге жіберілді. Алайда, 10 мамырда аурудың алғашқы белгілері байқала бастаған. Соған қарамастан, науқас дәрігерлерге хабарласпаған. Тоғыз күн өткен соң оның жағдайы нашарлап, төсектен тұра алмай қалған.

Ауруханаға жатқызу кезінде ер адамда коронавирус расталды. Жағдайының ауыр болуына байланысты жансақтау бөліміне жіберілді. Өткен сенбіде ер адам көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858266-kazakstanda-koronavirus-zktyrgandar-sany-11-mynan-asty/

pixel