Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаздың алғашқы күнінде елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Еліміздің солтүстігінде атмосфералық фронттарға байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Кейбір аудандарда дауыл соғып, бұршақ жауады деп күтілуде. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жаздың алғашқы күнінде елмізде ауа райы қандай болады
Көрнекі фото: pixaay.com: UGC

Дабылды ескерту

Түркістан облысында және Түркістанда 1-2 маусым күндері аптап ыстық болады, ауа температурасы плюс 40-43 градус.

Ақмола және Қарағанды облыстарында 1 маусымда күн күркірейді. Оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 23 м/с-ке жетеді. 

Солтүстік Қазақстан облысында дүйсенбі күні желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 метрге жетуі мүмкін.

Қостанай облысында 1 маусымда күн күркіреп, бұршақ жауады деп болжанды. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр.

Павлодар облысында да 1 маусымда күн күркірейді. Желдің жылдамдығы секундына 18 метр.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада түнде 21-26 градус жылы, күндіз плюс 30-32 градус болады деп күтілуде.

Алматыда 1 маусымда күн ашық, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде +18-19 градус, күндіз плюс 28-30 градус.

Шымкентте дүйсенбі күні түнде 20-21 градус нөлден жоғары, күндіз – 32-34 градус ыстық деп болжады синоптиктер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858247-zazdy-algasky-kninde-elmizde-aua-rajy-kandaj-bolady/

pixel