Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы блок-бекеттегі апатқа кінәлі азаматтың әкесі жаңа мәлімдеме жасады (видео)

Опубликовано:

Алматыдағы бақылау-өткізу пунктіндегі апатқа кінәлі азаматтың әкесі жаңа мәлімдеме жасады. Талғат Мұқашевтың айтуынша, ол ұлының жұмыстан өз қалауы бойынша шыққанын білмеген. Сонымен қатар, ер адам қаза болғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыдағы блок-бекеттегі апатқа кінәлінің әкесі ұлы туралы жаңаша мәлімдеме жасады (видео)
Азат Азаматовтың әкесі. Видеодағы кадр: Getty Images

Видео Instagram желісіндегі ztb_kz парақшасында жарияланған.

"Құрметті Қазақ елі. Кеше мен интервью беріп едім, ұлым Азат туралы. Мен оны білмедім. Ұлымның әріптестеріне тағы да басымды иіп, көңіл айтам. Менің де қабырғама батып тұр. Өмірден жас баланың кетіп қалғаны артта қалған ата-ананың жылап қалғаны әр қазақтың қабырғасын қайыстыратынын мен де жақсы түсінемін.
Бәріңізден кешірім сұраймын! Елімнен, жерімнен. Бірақ менің балам коронавирусқа қарсы демалыссыз жұмыс істеп, соған шыдамай, өз еркімен кетіп қалғанын мен білмедім. Мен оны білсем, кеше осындай сөз айтпас та едім.
Бірақ өмір талқы осындай болып тұр. Мен оны білгенім жоқ. Мен енді ғана білдім осы жұмыстан өз еркімен шыдамай, кетіп қалғанын. Ол менен қорықты ма білмеймін, мен де қатал өсіріп едім баламды.
Тек адамгершілік деген ұғымнан асқым келмейді. Мен де адам баласымын ет пен сүйектен жаратылған. Ешкімнің баласына қиянат жасағым келмейді.
Әр адам баласының басында бар шығар мұндай нәрсе, қателесу деген. Балам да қателескен шығар, мен де дұрыс тәрбие бере алмаған шығармын, бірақ ойлаймын, ол жаман бала емес. Өмір болған соң бәрі болып жатқан шығар.
Халқым, мен сіздерден кешірім сұраймын! Сөге көрмеңдерші! Сіздер де ата-анасыздар ғой", – деді Талғат Мұқашев.

Еске сала кетейік, екі полиция қызметкерінің өмірін қиған жол апаты 25 мамыр таңғы сағат 5.30-да Көксай ауылындағы блок-бекетте болған.

BMW көлігінің жүргізушісі, 1992 жылы туған ер адам әуелі бетон қоршауға, содан кейін полиция қызметкерлерінің көлігіне соқтығысқан болатын. Көлік ішінде қос бірдей полиция қызметкері отырған.

Алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев қайтыс болса, оның әріптесі, полиция сержанты Дастан Әбдіқанов ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимастан көз жұмған.

Кейін жол апатынан тағы бір полиция қызметкерінің зардап шеккені белгілі болды. Ауыр соққыдан Ербұлан Сейдазым есімді азаматтың басына зақым келген. Оның жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланды.

Жол апатына кінәлі азамат қамауға алынған. Оның мас күйде көлікке отырғаны және бұрын құқық қорғау органдарында қызмет еткені анықталды.

Бұл жайттан кейін күдікті азаматтың әкесі өз бірқатар жайттың бетін ашып, мәлімдеме жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858009-almatydagy-blok-bekettegi-apatka-kinli-azamatty-kesi-zaa-mlimdeme-zasady-video/

pixel