Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үшемнің әкесі атанатынын білген әке эмоциясын жасыра алмады

Опубликовано:

АҚШ-тың Айова штатының тұрғындары Джейсон және Саманта Гриль болашақ сәбилерінің жынысын білу үшін ультрадыбыстық зерттеу жасатқан. Ал нәтижесін естігенде ер адам өз көзіне өзі сенбей, қатты таңырқап қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ honey.nine.com сайтына сілтеме жасап.

Үшемнің әкесі атанатынын білген әке эмоциясын жасыра алмады
Фото: Видеодан кадр: UGC

Қуанышы қойнына сыйамаған Джейсон Гриль карантин режиміне байланысты жұбайымен бірге клиникаға кіріп, маңызды жаңалықты дәрігердің аузынан ести алмаған.

Оның орнына бір жасар ұлымен бірге жұбайын көлікте күтіп отыруға тура келген.

Саманта болса, дәрігердің қабылдауынан шыға сала Джейсонға ультрабыдыстық зерттеу нәтижелерін ұсынады.

Осыдан кейін ер адам ұлынан: "Болашақ ініңнің не қарындасыңның суретін көргің келе ме?" деп сұрайды.

Алайда УЗИ қортындысын көрген кезде өзі таңырқап қалады. Себебі суретте бірден үш нәрестенің жетіліп келе жатқаны көрсетілген.

Видеодан ер адамның біраз абдырап қалғанын көруге болады. Ол жұбайы Самантадан мұның қаншалықты рас екенін бірнеше рет қайталап сұрай берген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін соңғы 30 жылда Францияда алғаш рет бірден алты сәби дүниеге келгенін хабарлаған едік.

Бесеуі қыз, біреуі ұл баланы анасы жүктілігінің 25-аптасында кесір тілігі арқылы босанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1857995-semni-kesi-atanatynyn-bilgen-ke-emociasyn-zasyra-almady/

pixel