Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Короновирусты жеңіп шыққан шымкенттік жүкті әйел басынан өткенді баяндады (видео)

Опубликовано:

Короновируспен ауырып, жазылып шыққан шымкенттік жүкті әйел басынан өткен жағдайды баяндап берді. 36 жастағы Иринаға вирус күйеуінен жұққан екен. Айы күні жақындап қалған келіншектің екі баласынан да короновирус инфекциясы анықталған. Қауіпті дертке шалдыққан жүкті әйел отбасымен бірге оқшауланып, ауруханада екі аптадан аса ем қабылдаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: Facebook /Денсаулық сақтау министрлігі
Видеодан кадр: Facebook /Денсаулық сақтау министрлігі: UGC

Дәрігерлер бүкіл отбасы мүшелерін оқшаулап, емдік шараларын жүргізу үшін науқастарды провизорлік станционарға жатқызған. Кейін тағы 15 күндей үй карантинінде болыпты. 

"Ауруханаға түскенде кішкентай балаларымыз арнайы кастюмдегі дәрігерлерді көргенде, шошып жатты. Осы кезде, біз баларымызға қарап, әкесі екеуміз мықты болуға тырыстық.
Уақыт өте келе қауіпті дертті жеңіп шықтық. Мен жүкті болғандықтан, дәрігерлер менің және іштегі шаранамның жағдайын ерекше бақылап отырды. Ең бастысы инфекция ішімдегі балаға әсер етпепті,"-дейді Ирина.

COVID-19-дан жазылып шыққан аяғы ауыр келіншек қазір балаларына барынша көңіл бөліп жүр.

Отбасымен қауіпті індеттен толығымен айығып шыққанымен, азаматшаның іштегі үрейі әлі басылмаған сияқты.

"Біз коронавирустан жазылып шықтық. Бірақ ауруханадағы карантиндік жағдайды есіме алсам, үрейленген сәттерім есіме түседі.  Жан жағы жабық төрт қабырғаның ішінде жату кішкентай балалармен қиын болды. Бұл жағдайды бастан өткізбей, ешкім түсіне алмайды. Аурудың бар екеніне сенбей жүрген азаматтарға айтарым, салғырттық танытпаңыздар. Өзіңізді ойламасаңыз да, басқаларға зияндарыңыз тимесін,"- дейді Ирина.

Шымкент қаласында жалпы 15  жүкті әйелден COVID-19 диагнозы расталған. Елімізде төтенше жағдай режимі алынғанымен, Шымкентте инфекцияға шалдыққандардың саны күн санап артып барады. Мамандар мұның себебін жоспарлы тескерумен байланыстырады.

Айта кетейік, бүгінге дейін Шымкентте вирусты инфекцияны жұқтырудың 730 жағдайы тіркелген. Дертке шалдыққандардың басым бөлігі  50 жасқа дейінгі азаматтар. Ал COVID-19 диагнозын жеңіп шыққандар саны 241 адамға жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857963-koronovirusty-zeip-sykkan-symkenttik-zkti-jel-basynan-tkendi-baandady-video/

pixel