Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марат Омаров некесіз туған немересімен кездесті (фото, видео)

Опубликовано:

Қазақ эстрадасының жұлдызы Марат Омаров "Астарлы ақиқат" бағдарламасының арқасында анықталған немересімен кездесті. Әнші ұлымен бірге оның некесіз туған қызына арнайы Түркістан облысына барғаны белгілі болды. Олар кішкентай Көзайыммен жүздесіп, сағыныштарын басып қайтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/zarina_omarova_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/zarina_omarova_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бұл туралы жұлдызды әулеттің мүшесі Зарина Омарова хабарлады. Әншінің үлкен қызы Instagram парақшасында Көзайымның атасы мен әкесімен кездескен сәтінен суреттер мен видеолармен бөліскен.

"Карантиннің әсерінен біраз жұмыстарды кері шегеріп қойып едік. Енді міне бүгін бұйырыпты. Атасы мен папасы Көзайымға барып қайтты. Балапанмен жүздесіп, қуанып қалды" , - деп жазды Зарина Омарова.

Желі қолданушылары Азамат Омаровтың некесіз туған қызымен көріскеніне тәнті болып, оған деген жылы лебізін білдірген.

"Қандай жақсы, атасы мен әкесі барғанына қатты қуанып тұрмын" , "Көзайым аумаған атасы ғой. Тәтті қыз. Жарайсыздар" , "Ризамын сіздерге, барып араласып тұрғандарыңыз жақсы болған" , "Сүйкімді екен өзі. Қуанып қалған шығар әкесі мен атасына" , "Сіздерге тәнтімін. Тастап кетпей, барып тұратындарыңыз қуантарлық жағдай" , - деп жазуда көпшілік.

Бұған дейін Түркістан тұрғыны Кәмшат Таубай Марат Омаровтың ұлы өзін жүкті етіп, тастап кеткенін жайып салған болатын. Нәтижесінде бойжеткен одан Көзайым деген қызды дүниеге әкелген.

Бұл жағдай ел арасында бірден қызу талқыға түсіп, Омаровтар әулеті халық қаһарына ұшырады. Інісінің даулы оқиғасына қатысты бірінші болып, жұлдызды әпкесі Зарина Омарова жауап берген болатын.

Одан кейін біраз уақыт бойы үнсіздік сақтаған Марат Омаров ұлының қатысы бар даулы оқиғаға қатысты алғаш рет пікір білдірген болатын. Өнер иесі немересін құшақ жая қарсы алатынын жеткізді.

Кейіннен соңғы болып, Азамат Омаровтың өзі де көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Әншінің ұлы өз шындығын баяндады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1857953-marat-omarov-nekesiz-tugan-nemeresimen-kezdesti-foto-video/

pixel