Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бағалы тастармен көмкерілген моңғол халқының ұлттық киімі жайлы не білесіз

Опубликовано:

Моңғолдардың қымбат, бағалы маталардан тігілген әрі асыл бұйымдармен безендірілген дәстүрлі ұлттық киімдері көрген әр адам оған тамсанары сөзсіз. Осы орайда швейцариялық фотограф Алессандра Мениконзи Луганодан Орталық Моңғолияға аттанып, моңғол халқының ұлттық киімдерін көпшілік назарына ұсынуды жөн көрген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru сайтына сілтеме жасап.

Солада кадыров
Фото: Alessandra Meniconzi/Solent News: UGC

Моңғол халқының киімі күрделі тігісі мен безендірілу стилімен ерекшеленеді.

Бағалы тастармен көмкерілген киім ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде беріліп отырады.

Солада кадыров
Фото: Alessandra Meniconzi/Solent News: UGC

Қазіргі моңғол халқының мерекелік киімдері олардың ата-бабаларынан қалған.

Моңғолиядағы дәстүрлі киімдер бағалы және жартылай бағалы тастармен безендірілген.

Дәстүрлі киімдерді әйелдер отбасылық асыл тастармен өз бетінше тігіп, безендіреді.

Солада кадыров
Фото: Alessandra Meniconzi/Solent News: UGC

Киім-кешектер әкеден ұлға, анадан қызға мұраға беріледі.

Ұлттық костюмдер тігу өнері қыздарға отбасындағы егде жастағы әжейлерден беріледі.

Солада кадыров
Фото: Alessandra Meniconzi/Solent News: UGC

Моңғол көшпенділері ұлттық костюмдерді дайындау өнерін өз мәдениетінің маңызды бөлшегі деп санайды.

Бұл киім күнделікті киюге емес, мереке күндері немесе қандай да бір маңызды іс-шараға киюге арналған.

Солада кадыров
Фото: Alessandra Meniconzi/Solent News: UGC

Солада кадыров
Фото: Alessandra Meniconzi/Solent News: UGC

Eстеріңізге сала кетейік, бұған дейін салт-дәстүрін сан ғасырлар бойы сақтаған эфиопия тайпасы туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1857901-bagaly-tastarmen-kmkerilgen-mogol-halkyny-lttyk-kiimi-zajly-ne-bilesiz/

pixel