Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да екі күн бойы іздеу салынған ер адам табылды

Опубликовано:

26 мамырда Батыс Қазақстан облысында туған-туыстары 64 жастағы Серік Нығметовке іздеу салған еді. Бүгін тұрғынның табылып, ауруханаға жеткізілгені белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Серік Нығметов. Фотоны туыстары ұсынды /mgorod.kz
Серік Нығметов. Фотоны туыстары ұсынды /mgorod.kz: UGC

Теректі ауданындағы ауыл тұрғыны екі күн бұрын үйінен шығып кетіп, сол күйі қайта оралмаған.

Туған-туыстары оның ішінара есте сақтау қабілетінен айырылғанын атап өтті.

Жақындары оны өздері іздеп таппаған соң, ертесіне полицияға жүгінуге мәжбүр болған. Тәрртіп сақшылары іздеу жұмыстарын бастап кеткен. Ал туыстары ер адамның өзі тұратын Подстепное ауылындағы жаңа көпірге қарай бара жатқанын ғана хабардар болған.

Ұлы Тимурдың айтуынша, кейін әкесінің Желаево ауылындағы блок-бекетке дейін жаяу жеткені анықталған. Ол жерде оған көмек көрсетілген, себебі ер адам екі күн бойы нәр татпаған екен.

Туған-туыстарына қуанышты хабарды жергілікті әкім жеткізген. Шенеунік Серік Нығметовтің блок-бекеттен медициналық мекемеге жеткізілгенін мәлім етті.

Жақсы жаңалықты естіген жақындары ер адамды ауруханадан алып кетіп, үйіне апарған. Тимур қол ұшын созған жандардың барлығына алғысын жеткізді.

Ер адамның осы уақыт бойы қайда жүргені айтылмады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағандыда екінші күн қатарынан 15 жастағы қыз іздестіріліп жатқанын хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857890-bko-da-eki-kn-bojy-izdeu-salyngan-er-adam-tabyldy/

pixel