Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орамал тағып, екінші рет тұрмысқа шыққан Әуелбекованың өмірі қалай өзгерді

Опубликовано:

Екінші мәрте тұрмысқа шыққан Мөлдір Әуелбекованың өмірінде түбегейлі өзгерістер орын алды. Қазақ эстрадасының жұлдызы алдымен киім үлгісінен бастаған көрінеді. Ол есте қаларлық ерекше образдарын енді барынша жабық киім мен орамалға алмастырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/moldir.auyelbekova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Мөлдір Әуелбекова екінші рет келін атанғалы оның әлеуметтік желісі де күрделі өзгеріске ұшыраған. Әнші Instagram парақшасындағы барлық фотоларын өшіріп тастап қана қоймай, оны жүргізу тәртібін де басқа форматқа ауыстырса керек.

Бүгінгі күні шоу-бизнес жұлдызы тек оранған суреттері мен діни тақырыптардағы жазбаларды ғана жариялап жүр.

Желі қолданушылары өнер иесінің өмірінде кенеттен орын алған өзгерістеріне аса қатты таңғалған. Олар бұл жайттарды ескере отырып, эстрада өкілінің намазхан азаматқа тұрмысқа шыққанын болжады.

Сонымен қатар, айта кетерлігі, Мөлдір Әуелбекова бірінші жолдасымен ажырасқан соң, Алматыға қайтып оралған болатын. Ал екінші мәрте некелескеннен кейін ол қайтадан Нұр-Сұлтан қаласына барды. Желі қолданушылары бұл сәйкестіктің астарында не бар екенін біле алмай, қызу пікірталас ұйымдастырған.

"Намазхан жігіттің жары атанған сияқты ғой. Не болса да мықты азамат екен. Сізді мықтап өзгертті" , "Өміріңіздегі өзгерістер тұрмысқа шығуыңызға байланысты ма?" , "Қайтадан елордаға келіпті ғой. Жолдасы кім болды екен? Бұрынғы күйеуіңізге қосылдыңыз ба?" , "Басқа адамға тұрмысқа шықтыңыз ба? Әлде бұрынғы жолдасыңызбен қайта қосылдыңыз ба?" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1857884-oramal-tagyp-ekinsi-ret-trmyska-sykkan-mldir-uelbekovany-miri-kalaj-zgerdi/

pixel