Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Опубликовано:

Облыс әкімінің баспасөз хатшысы қызметіне Омаров Бақытжан Бауыржанұлы тағайындалды.

Қызылорда қаласы облыс әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды
Фото: Қызылорда әкімдігі: Facebook

Омаров Бақытжан 1987 жылы туған. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «халықаралық қатынастар» және «журналистика» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД тілшілер бөлімінің редакторы ретінде бастаған.

2009 - 2018 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД аудармашылар бөлімінің редактор-аудармашысы, тілшілер бөлімінің аға тілшісі, Анкара қ. «ТРТ» телерадиокорпорациясының жаңалықтар жүргізушісі, тілшілер қосынының (аймақтар) Анкара қ. тілшісі жауапты қызметтерін атқарған.

2018 жылдан бастап осы кезге дейін «Хабар24» арнасы жаңалықтар бөлімінің Бас редакторы қызметін атқарып келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1857871-kyzylorda-oblysy-kimini-baspasz-hatsysy-tagajyndaldy/

pixel