Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оларды қатты жақсы көрдім": Болат Назарбаев үшін ең қымбат адамдар кімдер

Опубликовано:

Қазақстанның тұнғыш президентінің туған інісі Болат Назарбаев ашық сұхбат беріп, отбасына қатысты тың мәліметпен бөлісті. Белгілі кәсіпкер ата-әжесінің қолында өскенін айтып, өзіне олардан қандай қасиет дарығанын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ "Aina TV" арнасына сілтеме жасап.

Фото: biographe.ru. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: biographe.ru. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Болат Назарбаев ата-әжесі оған асқан мейіріммен қарап, бар махаббатын сыйлағанын айтты.

"Ата -әжемнің қолында өстім. Солардың тәрбиесін алдым. Оларды жоғалту маған қиын болды.Мен оларды өте қатты жақсы көрдім.

Шыны керек, олай туған баласындай ешкім еркелеткен жоқ деп ойлаймын. Ондайларды көрген де, естіген де жоқпын.

Әкемде де, шешемде де суырыпсалма қасиеті болатын. Екеуі де қалжыңбас кісілер еді. Достарымен қатты әзілдесетін. Ол кездер әлі де есімде. Менің қалжыңға жақындығым сол кісілерден дарыған деп ойлаймын" , - деді Болат Назарбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Болат Назарбаев ерекше сұхбат беріп, жеке өмірі жайлы жан сырын ақтарды. Танымал меценат осыдан елу жыл бұрын отасқан бәйбішесі жайында бар шындықты айтты. Ол ғашығын үйіне алғаш алып келген күнін әлі ұмытпаған.

Оған қоса, Елбасының інісі Мақпал Жүнісовамен арақатынасы туралы айтты. Ол белгілі әншімен жақсы дос болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857870-olardy-katty-zaksy-krdim-bolat-nazarbaev-sin-e-kymbat-adamdar-kimder/

pixel